Мемлекеттің қолдауының арқасында соңғы жылдары қолайлы жағдайы бар, занамауи жабдықталған балабақшалар көбейіп келеді.
Алимжанова Лаура Жекебайқызы мектепке дейінгі тәрбие қызметі үшін 2015 жылдың қазан айында «Quanysh Qоrdау» ЖШС тіркеген. 2016 жылдың маусымынан бастап Лаура балабақша ашу үшін 2 ғимаратты жалға алды. Логопед, дефектолог мамандар тартып, қазақ, орыс және ағылшын тілі өнер және ментальді арифметика курсы, шахмат және хореография үйірмесін ашты. Жаңа ғимарат толық жабдықталған және барлық заманауи талаптарға сай.
Балабақша жұмысын жүргізу ісінде бірнеше жыл тәжірибе жинаған соң кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жер учаскесі бар тұрғын емес үй-жай (балабақша) сатып алу үшін банкке жүгінді. «Даму» қоры ұсынған 18,4 млн теңге мөлшерінде кепілдіктің арқасында Лаура 45 млн теңгені 84 айға алды.
Балабақшада қазір 13 адам жұмыспен қамтылған. 103 бала тіркелген. 6 топ бар. Әр топта 16-17 баладан. Сондай-ақ мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы оқу әдісі де енгізілген.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы,
Бәйдібек би 119/1.
Телефон: 8775-412-55-55