«Даму» Қоры Қазақстанда ШОБ дамытуға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін АДБ-дан алған қарызын толық өтеді
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2017 жылы Азия Даму Банкінен (АДБ) төртінші траншпен алған 47 млрд теңгені толық жапты. Ол Қазақстанда ЕДБ және МҚҰ арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін тартылған еді.
«Даму» Қоры мен Азия даму банкі 2011 жылдан бері ынтымақтастықта. Осы уақыт аралығында жалпы сомасы 700 млн АҚШ доллары немесе 179,2 млрд теңге болатын 4 келісімге қол қойылды.
АДБ Инвестициялық бағдарламасын қорытындылайтын төртінші транш 2017 жылы ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кепілдігімен бөлінген. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған Инвестициялық бағдарламаның төртінші траншын жүзеге асыруға «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Банк Касса Нова» АҚ және «Форте Банк» АҚ, сондай-ақ «KMF «МҚҰ» ЖШС және «Арнур Кредит» МҚҰ ЖШС қатысты.
«Даму» қорына берілген АДБ қарызы олардың бизнес-операцияларын қаржыландыруға көмектесу үшін МШОК-ты өтімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. «Даму» Қоры Азия даму банкінің Қазақстандағы микро шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудағы негізгі әріптестерінің бірі болып қала береді. Болашақта да «Даму» Қорымен осындай жобалар бойынша ынтымақтас боламыз деп үміттенеміз», - деп атап өтті АДБ Қазақстандағы өкілдігінің директоры Нариман Маннапбеков.
«Бағдарлама банктер мен микроқаржы ұйымдарының белсенді қатысуы арқылы сәтті жүзеге асты. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде 36 000 жобаға 363 млрд теңге сомасына қолдау көрсетілді, 11 000-нан астам жұмыс орны құрылды, 4,4 трлн теңгенің өнімі шығарылды, 281 млрд теңге салық төленді. Қор жобаны жүзеге асырудағы қолдауы үшін АДБ-ға алғыс айтады. Азия даму банкі Қордың ең маңызды халықаралық әріптестерінің бірі», - деді «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.
АДБ қаржы секторының аға маманы Дай Чанг Сонг «Даму» Қорының жобаны жүргізу деңгейіне назар аударды:
«АДБ әсіресе өңірлердегі кәсіпкер әйелдерді несиелендіруге ерекше назар аудара отырып, МШОК үшін қаржы ұсынуға ынталы болды. Банк мұнымен қатар әйелдердің қаржылық, құқықтық және іскерлік сауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстанның барлық 14 облысында кәсіпкер әйелдер үшін әлеует арттыру семинарларын өткізуді қолдайды. АДБ Дамумен одан әрі, әсіресе жасыл инвестициялар және микроқаржыландыру саласында ынтымақтастықты жалғастыратынына үмітті»