menu
Жабу

Жиһаз жаңартатын кез

Жаңалықтар
27.11.2020

Қостанайлық Тимур Бикбусинов мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына бұған дейін екі рет қатысқан. 2018 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша Тимур жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алды және өндірістік жабдықты жаңартты.

tdmmebel_kst-tdmmebel_kst-16061074777721.jpg

Осы жылы Тимур тағы да «Даму» қорына жүгінді. Бұл жолы жиһаз шығаратын жеке өндіріс орнын сатып алу керек болды. Бұл ғимарат өндіріске ыңғайлы және қала орталығында орналасқан еді.

Қор қызметкерлері Тимурға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жайлы түсіндіріп, қатысуға ұсыныс жасады. Нәтижесінде кәсіпкердің жобасын «Нұрбанк» АҚ мақұлдап, 10 жыл мерзімге, жылына 15%-бен несие берді. Сыйақы мөлшерлемесінің 9%-ын «Даму» қоры субсидиялайды. Соның арқасында кәсіпкер несиені 6%-бен жабады. Сондай-ақ, кәсіпкерге кепілзат жетпеген кезде Қор 6,7 миллион теңгеге кепілдік берді.

Енді жекеменшік өндіріс орны бар компания бизнесін дамыту үшін жаңа инвестиция сала алады.