info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Орал қаласында «Қарақат» музыкалық мектеп-студиясының ашылуы

Жаңалықтар
02.12.2020

Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруда шығармашылықтың орны бөлек. Балаларға арналған мұндай білім беруде өнер мектептерінің маңызы арта түсуде. Өмірдің барлық саласында жетістікке жететін, ақылды, эмоциясы тұрақты және салмақты адам етіп тәрбиелеуге мән беретін ата-аналар балаларын көбінесе осындай мектептерге әкеледі.

Оралдық жеке кәсіпкер Серікқалиев Рысбек Даниярұлы – жас, ісін жаңа бастаған кәсіпкер. 2019 жылдың соңында Орал қаласында балаларға арналған «Қарақат» музыка мектеп-студиясын франшиза бойынша ашты. Бұл – ата-бабамыздың бай музыкалық дәстүрін жаңғыртып, қазақ халқының ұлттық мәдениетін арттыруға бағытталған бірегей және әлеуметтік маңызды жоба.

Мектептің білім беру бағдарламасы баланың шығармашылық дарынын дамыту мүмкіндік береді.

Мектепте:

  •  Аспапта орындау

  •   Вокал

  •   Музыка теориясы

  •   хореография

  •   музыкалық театр бағыты бойынша сабақтар өтеді.

Франшиза ашу үшін кәсіпкерге белгілі бір талаптарға сай келетін үй-жай қажет еді. Ғимарат тапқан кезде оны сатып алу, жөндеу және жабдықтау үшін қаражат тапшы болды.

Жас кәсіпкер дерек «Даму» Қорына кеңес алуға жүгінді. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында оған «Сбербанк» АҚ ЕБ 14%-бен қарыз берді. Оның 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ банк талап еткен кепілзат жетпеген кезде «Даму» Қоры кепілдік берді.

«Рауан» ЖК. Серікқалиев Рысбек Даниярұлы

Мекенжайы: БҚО, Орал, Бастау, 18

Тел: 8-7112-54-97-97, 8-778-311-99-99

Instagram: @karakat_studiya_oral