menu
Жабу

«Даму» Қорының арқасында Павлодар «Болат конструкциялар зауыты» локдаун кезінде жұмысын тоқтатпады

Жаңалықтар
02.12.2020

«Болат конструкциялар зауыты» ЖШС 2002 жылдан бері металл конструкциялардың барлық түрін шығарып келеді. Кәсіпорын өнімдері олимпиада ізбасарлары мектебі, ферроқорыту зауыты және басқа да ірі өнеркәсіптер мен әлеуметтік ғимараттар құрылысында пайдаланылды. Кәсіпорын соңғы төрт жылда мемлекеттік бағдарламаларға қатысып келеді. Зауытта компанияға төтенше жағдай кезінде де тоқтап қалмауға мүмкіндік беретін тапсырыстар бар.

Завод Стальных конструкций.jpg

ЖШС директоры Геннадий Крушинский мемлекеттік бағдарлама бойынша қолдау компанияға жалақыны уақтылы төлеуге мүмкіндік берді дейді.

«Біздің компания 2016 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысып келеді. Зауытта 160 адам жұмыс істейді. Несиені айналым қаражатын толықтыру үшін алдық. «Даму» Қорының мемлекеттік қолдауының арқасында зауыт жалақыны бір рет те кешіктірмеді»,-дейді Геннадий Крушинский.

2020 жылдың қыркүйегінде кәсіпорын тағы да мемлекеттік қолдауды пайдаланды. «Альфа Банк» ЕБ АҚ айналым қаражатын толықтыруға 60 млн теңге мақұлдады. «Даму Аймақтар» бағдарламасы бойынша мөлшерлеме — 14%. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының арқасында мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендетілді. Яғни, 8%-ы субсидияланды. Кәсіпорынның өз кепілзаты жетпегендіктен, «Даму» Қоры 30 млн теңгеге, яғни несие сомасының жартысына кепіл болды.

Қолдаудың арқасында кәсіпорын тапсырыстарды дер кезінде, толық көлемде орындай алады. Осылайша, жақында зауыт өзінің ерекше тапсырысы — Копер көтергішін орнатуға арналған шахта үстіндегі белдемені жасап шықты. Құрылымның биіктігі 26 метр, ені 16 метр. Кәсіпорын үшін бұл алғашқы ерекше тапсырыс болды. Мұндай тапсырысты орындау кезінде жоғары дәлдік қажет. Өйткені сәл қиыс кету үлкен проблемалар тудыруы мүмкін. Жобаға тапсырыс Қытай елінен түсті. Павлодар компаниясы Қытай тарапы жұмыстарды орындауды сеніп тапсырған Қазақстандағы тұңғыш компания. Бұған дейін Қытай компаниясы Африка, Түркия және басқа елдерде осындай конструкцияларға тапсырыс беріп келген.

Директор: Крушинский Геннадий Владимирович

Павлодар, Транспортная көшесі, 13

+7 (7182) 65‒93‒75

+7 (7182) 65‒93‒87

«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз - Сіздің дамуыңыз.