Людмила Горшкова бала кезінен тігінге қызығатын. Алғаш рет пішіп, тігу ісін сән журналдарынан үйренген. 9-сыныпта сыныптасынан алғаш рет тапсырыс алғаны да есінде. Мектеп бітірген соң тігіншілік бойынша мамандық алып, қала ательелерінің бірінде пішуші және тігінші болып жұмыс істеп жүріп бала күтіміне байланысты демалысқа кетті. Кейін талай істің басын щалғанымен үнемі тігіншілікті аңсап тұратын еді. Сөйтіп Людмила үйде отырып тапсырыс алып, бұйымдар тіге бастады.
2004 жылы Людмила жекеменшік тігін цехын аша алатынына сенімді болды. Тәжірибесі жеткілікті, тұрақты клиенттері де бар еді. Бөлме жалдап, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс істей бастады.
2005 жылы тігін ісіне керек жабдықтар үшін алғаш рет несие алды. Кейін жинаған қаражатына жабдық сатып алатын болды. Қазір шеберханада сырт киім, шалбар, спорт костюмдері мен көйлек, кардиган, үйге керек жабдықтар тігеді.
2020 жылы Людмила мемлекеттік қолдау туралы білгеннен кейін тігін жабдықтарын жаңартуға шешім қабылдады. «Даму» қорының қолдауымен «Қазақстан Халық банкі» арқылы 1,5 миллион теңгені «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 15%-бен алды. Оның 6%-ын ғана кәсіпкер өзі төлейді, ал айырмашылықты «Даму» қоры субсидиялайды.
Енді Людмиланың тігін шеберханасы дайын өнім түрлерін арттырып, бұрынғыдан да көп тапсырыстар ала алады.
Тел: 87478050873
Мекенжайы: Рудный, Ленин көшесі 103, 17-бөлме