Қаладағы ең үздік супермаркетті ашу мүмкін бе?

Жаңалықтар
03.12.2020

Қаладағы ең үздік супермаркетті ашу мүмкін бе? Лисаковск қаласының тұрғыны Роман Сухиннің ойынша, бұны алдын-ала білу мүмкін емес. Бірақ жүзеге асыру үшін бар уақыт пен   күш-қуатты аямау керек.

2.jpeg

«Family» супермаркеті 2013 жылы ашылды және жеті жыл ішінде біраз шаруа атқарылды. Атап айтқанда аймақтың жетекші жеткізушілерімен және өндірушілерімен серіктестіктік орнады, азық-түліктен басқа, супермаркетте тұрмыстық химия және тұрмыстық заттар бөлімдері пайда болды, шағын наубайхана ашылды, жаңа піскен нан-тоқаш өнімдері, сондай-ақ отбасылық бау-бақшада өсірілген көкөністер, жемістер, тіпті қарбызға дейін бар.

2020 жылы Роман супермаркеттің бөлшек сауда алаңын ұлғайтуға, сондай-ақ қолданыстағы тауар түрлерін көбейтуге шешім қабылдады. Роман 2018 жылдан бастап кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттің «Бизнестің жол картасы-2025» және «Еңбек» сияқты бағдарламаларына қатысады. Осы жолы сол әдетпен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 14%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында оның 6%-ын ғана кәсіпкер өзі төлейді, ал 8%-ын субсидия түрінде «Даму» қоры төлейді. Қор сонымен бірге несие сомасының 50%-ына кепілдік берді.