Қазір қоқыс көп. Әсіресе зиянды заттар бүкіл әлемнің бас ауруына айналып, тығырыққа тіреп барады. Көзі ашық жұрттың ішінде қоршаған ортаны осындай қауіпті қалдықтардан құтқару жолын іздемейтіні кем де кем.
Алматылық Дмитрий Данильченко осы маңызды іске үлес қосып жүрген жан. Ол басқаратын «Green Recycle» зауыты қоқыс сұрыптаумен айналысады.
Мұндай кәсіпорын өте аз. Мұндағы қалдықтар қайта өңдеуге немесе қайта пайдалануға деп бөлінеді. Қоқыс бөлек жиналса қайта өңделетін қалдықтарды қайта өңделмейтіндерінен бөліп алу, пайдалануға жарамдыларын бөліп алу оңай болады. Бұл іс-шаралар өндірістік айналымға материалдарды көптеп қайтаруға ғана емес, сонымен қатар қоқыс шығару, оны бөлу шығындарын азайтуға, көміртегі ізін, қоршаған ортаның жалпы ластануын азайтуға, қоқыс полигондары ауданын азайтуға мүмкіндік береді.
2020 жылы «Green Recycle» компаниясы қоқысты сұрыптау зауытына алынған қолда бар қарызын қайта қаржыландыру үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа жүгінді. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көмегімен несиенің 14%-дан 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.
Бүгінде Алматы қоқыс сұрыптау зауыты күн сайын бір жарым мың тонна қалдықтарды өңдей алады. Қоқысы аз әлемде өмір сүруді үйренейік. Қоқыс сұрыптауды үйренейік. Бұл – өте маңызды іс.
ҚР, Алматы қ., Алатау ауданы, №7-ші көше, 134/12 учаскесі
Телефоны: +7 (778) 583 71 90
e-mail: sale@greenrecycle.kz
Сайт: www.grecycle.kz