info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қиын күндері жеңісті болашаққа жетелеген кәсіпкер

Жаңалықтар
07.12.2020

Загреева Ферая Сагдуловна 1993 жылы үстеме пайызбен 100 доллар қарыз алып Көкшетау базарына киім сатуға шыққан. Тоқсаныншы жылдар - жалпы ел үшін қиын кезең болды. Көкшетауда кәсіпорындар жабылып, жұмысшылардың жалақысы тоқтап, жұмыссыздық жайлады. Тек сауда жасағандар ғана нәпақа таба алатын. Дәл осы кезде мұғалім, дәрігер, инженер секілді көптеген мамандар базарға сауда жасау шықты.

Ферая да алдымен кәсіпкер киім сатты. Кейіннен 2001 жылы азық-түлік, ал 2003 жылы құрылыс материалдары бөлімін ашты. Қазір Көкшетау қаласында «Ф.С. Загреева» ЖК қарасты «Айлин» сауда үйі жұмыс істеп тұр. Негізінен құрылыс материалдарын сатумен айналысатын «Айлин-Строй» құрылысқа қажетті заттардың барлық түрін сатады, Instagram арқылы өтінімді онлайн қабылдап, , сатып алушыға дейін жеткізіп, жеңілдіктер ұсынады.

 

«Мен кәсіпкер болуды армандаған жоқпын. Ол кезде кәсіпкер деген ұғым болған жоқ, біз оның не екенін де білмедік. Тек тіршілік ету керек, ақша табу керек, аш қалмау керек еді. Бизнесті қалай ашуды, есеп жүргізуден хабырымыз жоқ. Кеңес беретін де адам жоқ еді. Барлығын жүре келе үйрендік едік. 27 жыл ішінде бизнесте көп нәрсе болды. Қиындықты талай бастан өткердік. Ең бастысы - әрқашан адам болып қалу, өзіне сену, адамдарға сену және өз ісімен айналысуды жалғастыру», - дейді Ферая Сагдуловна.

Фирая Сагдуловна бүгінде тек кәсіпкер емес, ана, әже, демеуші. Бұған дейін қалаларда сауда-саттық саласына мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау көрсетілмейтін. Кәсіпкер бабрлық несиесін банктің қымбат мөлшерлемесімен төлеп келген. Биыл «БЖК 2025 бағдарламасына енген өзгерістердің арқасында сауда саласындағы кәсіпорындар 100 млн теңгеге дейінгі несие бойынша айналым қаражатын толықтыруға субсидия алуға мүмкіндік алды.

2020 жылғы қазанда Ф.С. Загреева ЖК да «ВТБ Банк» АҚ ЕБ арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін қарызын қайта қаржыландырды және «БЖК 2025» бағдарламасы бойынша мөлшерлемесін 6%-ға дейін төмендетіп, мемлекеттен қолдау алды. Сондай-ақ, Даму Қоры 42 млн теңгеге кепілдік берді.

Мекенжайы: Кокшетау қ, Капцевича П.М. көш, 227 үй

Тел. 8(7162) 33-80-90

Инстаграм: @td_aylin_stroy_kokshetau