menu
Жабу

Multi kids – балалар жыламай баратын орталық

Жаңалықтар
07.12.2020

Баланың бос уақытын қалай өткізгені дұрыс? Тасып тұрған бұла күш пен жалынын қай бағытқа дұрыс бұруға болады? Бұл – әрбір қамқор және білімді ата-ананы ойлантатын сауал.

IMG_20170429_150527-e1510650695137.jpg

Туғаннан бастап адам тұлға ретінде өзін-өзі дамытудың көптеген кезеңдерін бастан кешіреді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – баланың қоршаған ортаға және көпшілікке бейімделетін кезеңдері. Баланың дамуы сәби кезінен басталады және ол жолда мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үлесі зор. Мұндағы баланың оқу процесі мен тәрбие әдісі, айналадағы заттар сияқты ұсақ-түйекке дейін мұқият ойластырылуы керек. Есту, ұғу, үйренумен қатар көзбен көріп қолмен ұстаудан да мол тәрбие алуға болады.

WhatsApp-Image-2017-12-25-at-11.45.56.jpeg

Қазіргі қарбаласқан тынымсыз уақыт кезінде көп ата-ана балаларымен толықанды айналысуға уақыты жоқ. Көбінесе үйірмелер мен білім беру орталықтарының ұстаздарынен үлгі алады. Ал мұндай бизнес ұйымдастыратын жандар қызметке алатын маман сапасына баса назар аударғаны жөн.

«Мен кішкентай кезімнен балаларды жақсы көремін. Қазір төрт ұлым бар. Мен ана ретінде балам үшін сапалы балалар орталығын іздедім. Бірақ, өкінішке қарай, бірде-бір орталық ойымнан шықпады. Содан кейін маған таза, жайлы, балаларға деген қамқорлық пен сүйіспеншілік бірінші орында тұратын қазіргі қалалық ата-аналарының талаптарына сай келетін орталық құрмақ болдым», - дейді «Multi kids» балалар клубының негізін қалаушы, «Ермек-Алшын» ЖК иесі Дегенбаева Алшын Сағатбекқызы.

Фото (251 из 255)1.jpg

2010 жылы екі бөлмелі пәтерде алғашқы балалар клубын аштым. Дамыту әдістерімнің танымал бола түсуіне байланысты біздің қызметке сұраныс артып, 140 шаршы алаңы бар жерге көштік. Тәжірибе жинап, кәсіпкер 2017 жылдан бастап өзінің филиалдарын дамыту туралы ойлана бастады.

2019 жылы үй-жай таңдаған Алшын Дегенбаева «First Heartland Jysan Bank» АҚ арқылы оны сатып алу және жөндеу үшін 14,25%-бен несие алды. «Даму» қоры 5,7%-ын субсидиялады.

Біздің клубқа балаларын әкелген ата-аналар: «Сіздің орталыққа балалар жыламай келеді» - деп таңданады. Бұл – біздің ерекшелігіміз. Біз басты құндылықты білетін білікті кадрларды таңдап аламыз. Біздің бизнесіміздегі сәттілік сыры да осы.

2020 жылдың қарашасында кәсіпкер Multi kids франчайзингіне арналған жаңа жобасын жүзеге асыруға шешім қабылдады.

Ресми сайты: multikids.kz

Instagram: multi_kids_astana

байланыс телефоны: +7 702 62 63 666, +7 771 666 63 62