«СпецШинТорг Жетісу» компаниясын 2011 жылы 11 тамызда Ким Оксана Маратқызы құрған.
Негізгі қызмет түрі: жеңіл автомо, жүк көліктері, ауылшаруашылық техникасы және арнайы техника дөңгелектердің барлық түрлерін көтерме және бөлшек сату.
Негізгі жеткізушілер: «TD Kama-Kazakhstan» ЖШС, «KazShinTorg көтерме сауда орталығы» ЖШС, «АШК» ЖШС филиалы, «Эйкос» ЖШС.
Негізгі сатып алушылар: Талдықорғандағы «Талдықорған Жолдары» ЖШС, «JLC Сүт» ЖШС (JL Сүт) ЖШС, «Ақ-Нар» ЖШС, «Көркейту» ЖШС, «Кайнар АКБ» ЖШС, «Хилниченко К.Х.», «Тамас» ЖШС және басқалары. Тізімде Алматы облысының барлық аймақтарындағы ірі кәсіпорындар, жеке тұлғалар да бар.
Көп адам өз бизнесін ашуды немесе бұрыннан бар бизнесін кеңейткісі келген кезде жобасын қолайлы, жеңіл шарттармен қаржыландыруға келіп тіреледі. Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау – осы мәселені шешуге көмектеседі. Бүгінгі күні кәсіпкерлерге арналған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар бар.
9 жылдан бері компания отандық, еуропа және азия өндірушілерінің дөңгелектерін сататын «СпецШинТорг Жетісу» ЖШС, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында мемлекет ұсынған жеңілдікті пайдалануға шешім қабылдады.
Компания айналым қаражатын толықтыру үшін «Нұрбанк» АҚ арқылы 14%-дық несие алды. Оның 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялады. Нәтижеінде кәсіпкерге 6% айырмасы ғана қалды. Сонымен бірге Қор несиеге кепіл болды.
Instagram: spec_shintorg_tdk
Байланыс телефоны: +7 701 555 55 79
Мекенжайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Казахстанская көшесі 250