info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Атырауда халыққа қызмет көрсету аясы кеңейіп келеді

Жаңалықтар
09.12.2020

Қызмет көрсету саласында мол тәжірибесі бар Сергей Светлов Атырауда шаштараз ашты.

«Бизнестегі инновацияларды халық әрдайым қызыға қабылдайды. Сондықтан клиенттерім бір шыны-аяқ кофе ішіп, әңгіме-дүкен құра алатын әрі сапалы қызмет үшін келетін ерлер салонын ашуды жөн көрдім. Әрине, мен бизнесімде ең алдымен жоғары деңгейде қызмет көрсету, қалта көтерерлік баға, заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалану, клиенттерге ыңғайлы жұмыс кестесі болғанын басты назарда ұстаймын»,- дейді Сергей Светлов

Ерлерге арналған шаштараз салонын кеңейту үшін «Светлов С» ЖК «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Атырау қаласындағы филиалынан «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14%-бен несие алды. Кәсіпкер тек 6%-ын ғана өтейді, ал қалған бөлігі мемлекет есебінен субсидиялады. Қордың кепілдігі несиенің сомасының 48% құрады.

Болашақта Сергей Светлов өз бизнесін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын құруды, түрлі байқауларға қатысуды және белгіленген жоспарларға қол жеткізуді көздейді.

Мекен жайымыз: .Атырау қаласы, Азаттык даңғылы 67а

www.instagram.com/chopchopatyrau

телефон+7-747-425-54-67