Көпсалалы «GALA Клиника» медициналық орталығы 2014 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Осы уақыт арасында клиника көптеген жетістіктерге жетті. Оған дәлел - сертификаттар, лицензиялар, заманауи жабдықтар мен разы болған клиенттер легі.
- «Біздің клиникада видео эндоскопия, УДЗ, рентген, урология, гастроэнтерология, акушерлік-гинекология және кардиология бағыттары бойынша медициналық қызметтер көрсетіледі. Күндізгі стационар да қарастырылған. Күндізгі стационардағы құзметтерді МӘМС пен ТМККК шарттары бойынша тегін алуға болады», - дейді «GALA Клиника» ЖШС директоры Галина Полтарецкая.
Бұл клиника бірнеше жылдан бері «Даму» Қорының қолдауын пайдалануда. 2019 жылы медициналық орталыққа бизнесін кеңейту үшін қаражат қажет болды. Ол үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ Қарағанды қаласындағы филиалынан «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламаның аясында жылына 14 %-бен несие алды. Оның 5,6%-ын «Даму» Қоры субсидияласа, қалған 8,4%-ын өзі төлейді.
Клиника болашақта заманауи әрі тиімділігі жоғары қызметтерді көрсететін амбулаториялық хирургияның лазерлік орталығын МРТ, КТ орталығын ашуды жоспарлап отыр.
Қарағанды қ., Ленин даңғ, үй 16а
+7 (7212) 99 66 03
+7 (701)042 55 65
Instagram: @Galaklinik
Сайт: Galaklinika.kz