menu
Жабу

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері чемодан шығарады

Жаңалықтар
11.12.2020

Василий Желнин - 12 жылдан бері бөлшек сауда саласында жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі кәсіпкер. Осы уақытқа дейін кәсіпкер 8 сауда орнын ашқан. Негізінен визит карточкасын салғыш, әмияндар, қолғап, әйелдердің әр түрі сөмкелерін сататын. «Soffian» бутигі қазір ең талғампаз деген тұтынушының көңілінен шыға алады.

предприниматель.JPG

Сөмке сататын бутиктегі басты тауарлардың бірі – чемодандар. Түрлері аз емес. Мата, былғары және пластиктан жасалған болып кете береді. Дәл осы пластик чемоданның құнын төмендету үшін Василий оны өзі шығармақ болды. Ол үшін керек компоненттерін сатып алып, құрастыратын цех ашпақ болды.

Ол ойын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 6%-дық несие алды. Несие сомасының 50%-ына «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кепілдік берді.

Қазір «Желнин В.С.» ЖК тапсырыс бойынша чемодандар шығарады. Бағасы қолайлы, қосымша сервис бар. Яғни кез-келген бөлігі бұлінген жағдайда қайта жөндеп береді.

СКО, Петропавл, С.Муканов көшесі 53, «Семейный» СҮ, 1-қабат, 24-бутик.

+7 771 106 22 77

Instagram: @imperiya_sumok.kz