menu
Жабу

Ақтөбеде «Ассоль» тұз үңгірі ашылды

Жаңалықтар
15.12.2020

Тұзды үңгірдің емдік қасиетінің тарихы әріден басталады. Алғаш рет ежелгі египеттіктер мен гректер ашқаны жөнінде мәліметтер бар. Ежелгі майялықтар да тұзды үңгірде болып қайтқан адамдар күш пен қуатқа толып қайтады деген сенімде болған.

ffe5cc6e-a22d-4aae-9e67-b5bd5465f558.jpg

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Алиса Владимировна Котлобовская емдік әсері бар тұзды үңгірді Ақтөбеде ашуға шешім қабылдады. Жеке кәсіпкер ретінде 2018 жылы тіркелген Алиса Владимировна 2019 жылдың наурыз айында «Ассоль» сауықтыру орталығын ашты. Соның арқасында ақтөбеліктер тұзды шахтаға бару арқылы теңізге бармай-ақ денсаулығын жақсартуға мүмкіндік алды. Тұз кенішіндегі бір сеанс теңіз жағалауындағы бірнеше күнге тең келетіні дәлелденген.

Алиса Владимировна өзінің бизнес-жобасын АТФ Банк арқылы, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6%-дық жеңіл несие алып жүзеге асырды. Ал «Даму» қоры жетпеген кепілзат сомасына кепіл болды. Соның арқасында кәсіпкер тұзды үңгірді жабдықтап, жиһаздар сатып алды.

Instagram: @ sol.aktobe