menu
Жабу

Біз балаларға қуаныш, ата-анаға мақтаныш әлемін жасаймыз

Жаңалықтар
23.12.2020

«Laurika» бренді балаларға қуаныш, ата-анаға мақтаныш әлемін жасайды», — дейді брендтің негізін қалаушы, «Бондаренко» ЖК жетекшісі Валентина Бондаренко.

Компания 2015 жылы құрылған және 2-13 жастағы қыздарға киім тігеді. О баста тек көйлек тігуден басталған. Алдымен аз-аздан көйлектер тігілді. Бірақ өнімнің сапасы мен кішкентай сәнқойларға арналған көйлектердің дизайны тұтынушылардың көңілінен шығып, сатып алушылар көбейе берді. Онымен қатар өнім түрлері де артты.

2018 жылы компания тауар белгісін тіркеді. Осылайша, Қазақстанда «Laurika» бренді пайда болды. 2018 жылы компания «Қазақстанда жасалған» отандық тауар өндірушілер көрмесіне қатысты. Сол жылдан бастап мектеп формасын тігуді қолға алды. Қазір мектеп формасы коллекциясында 30-дан астам үлгі бар.

«Мектеп формасы - маусымдық тауар, - дейді Валентина Бондаренко. Сондықтан компания басқа кезеңдерге арналған өнімдерді көптеп ұсынады. Бұл – жаңа жылдық мерекелерге, шарларға, ертеңгіліктерге, сондай-ақ 8 наурызға және жазғы кезеңдегі балабақша мен мектеп бітіру кештері, үйлену тойына арналған салтанатты көйлектер жиынтығы. Биыл біздің кезекті арманымыз орындалды. Мемлекеттік бағдарлама мен «Даму» Қорының арқасында біз өз ғимаратымызды сатып алдық.

Ғимаратты сатып алуға он жыл мерзімге берілетін несиені «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мақұлдады. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ қолдау бағдарламасы бойынша мөлшерлеме алты пайызды құрады. Кәсіпкерге өз кепілзаты жетіспеді. Сондықтан «Даму» Қоры несие сомасының 50%-на кепілдік берді.

- Кәсіпкер ретінде мен отандық киім брендін насихаттаймын. Біздің компания балалар киімдерін Қазақстан, БАӘ, Ресей, Германия бойынша дүкендерге бөлшектеп және көтерме жөнелтеді. Компания жетіліп, дамып келеді. Ал мемлекет пен «Даму» Қорының қолдауымен бұл әлдеқайда жеңіл, - дейді Валентина Бондаренко.