Пандемия кезіндегі қиындықтар біреулердің кәсібіне кедергі болса, екіншілері жаңа салада бизнес ашуға тәуекел етіп кірісіп жатты. Биыл жыл басында әкімшілік ғимараты, 2 моншасы бар жер телімін жалға алып, бизнес бастаған Мамараев Наиль Рашидұлының табыс тарихы көпке үлгі боларлықтай.
Карантин кезінде кәсіпкер өз қаражатына тағы екі монша салып, каркас бассейн орнатты, айналасын әсем етіп абаттандырды.
Ал қазан айында кәсіпкер монша кешенін сатып алу үшін «Сбербанкке» жүгінді. Нәтижесінде несие алып, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мөлшерлемесін 6%-ға дейін субсидиялады. Сондай-ақ Қор 3 982 237 теңгеге кепілдік берді.
Қазір «Жара» монша кешені нысаннан тұрады: 4 ағаш үй және 1 әкімшілік ғимарат бар. Әр үйдің ауданы 31,2 шаршы метрді құрайды, 8 адамға дейін сыяды, бу бөлмесі, жуынатын бөлме, демалыс бөлмесі және шайынатын бөлме бар.
«Ісін жаңа бастаған кәсіпкер қиындықтардан қорықпауы керек. Өз мақсатына сенімді түрде қадам жасасын. Қазір кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдауға арналған көптеген қаржылық құралдар бар. Мемлекеттің қолдауымен базалық оқу оқып, бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген несие алуға болады», - деп кеңес береді Наиль Рашидұлы.
Болашақта Наиль Рашидұлы «Даму» Қорының қолдауымен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды және кеңейтуді жоспарлап отыр.
Мекенжайы: ШҚО, Семей қ., Кустанайская к-сі, 4
Телефоны: 8 776 118 88 89
Instagram: @banijarasemey