Сегіз қырлы бір сырлы Асқар

Жаңалықтар
23.12.2020

Құлсары қаласының тұрғыны Асқар Бисембаев Атырау балық шаруашылығы колледжін бітірген соң, бизнес ашуға бел буды.

Жас кәсіпкер 2013 жылы жерсеріктік телекоммуникация жабдықтарын орнату бойынша қызмет көрсете бастады. Бірнеше жыл бизнес ортада тәжірибе жинап, 2016 жылы көлік қызметі саласында да бақ сынамақ болды. «Такси сервис орталығы» мен жарнама агенттігін ашуға шешім қабылдады. Ал 2019 жылы ерлер киімін сататын сауда орнын ашты.

Сонымен қатар, бұл жетістікпен тоқтап қалмауым керек деген ол жиһаз өндірісін де бастауға кірісті. Қазір еңбекқор кәсіпкер «М-Достық» жиһаз шығарып, Жылыой ауданы тұрғындарын қымбат емес өнімдерімен қуантуда.

Жылжымайтын мүлік сатып алар кезде Асқар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Атырау филиалынан «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 14%-бен несие алды. Оның 6%-ын кәсіпкер өзі төлейді, 8% айырмасын мемлекет субсидиялайды. Қор несие сомасының 48%-ына кепілдік берді.

«Әрине, әртүрлі салада бизнес жүргізу оңай емес, қиындықтар жетеді. Менің басты мақсатым – жиһаз фабрикасын ашу және отандық өндірісті дамыту. Мемлекет тарапынан болашаққа жоспар құруға мүмкіндік беретін орасан зор қолдау бар, ең бастысы - өзіңе сену», - дейді кәсіпкер Асқар Бисембаев.

PHOTO-2020-12-20-15-17-35(1).jpg

2018-2019 жылдар аралығында Асқар Бисембаев өзінің туған қаласы Жылыой ауданы Құлсары қаласында «Жылдың үздік жас кәсіпкері» номинациясына ие болды.

Мекен жайы: Жылыой ауданы Құлсары қаласы

Тел: 87786007766.

Инстаграмм: @ra.dostyk, @mebel.dostyk_kulsary