info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Арон и К» Алматыда абразивті өнімдер шығарады

Жаңалықтар
29.12.2020

«Арон и К» ЖШС 15 жылдан бері Қазақстанда абразивті, алмазды, аралы, слесарлық-монтаждық, бақша құралдарын көтерме сатып, жақын шет елдерге де жөнелтіп келді.

Продукция 1.png

2016 жылдан бастап «AlmatyAbrasiv» сауда белгісімен металл кесетін және тазартататын бакелитті шеңбер тастар шығара бастады. 3000 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан өндірісте 150-ден астам адам жұмыс істейді. Халық арасында «болгарка» аталып кеткен құралдың тастарына сұраныс жоғары.

2019 жылы компания директоры Каскадамов Нұрлан Аронұлы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Даму Өндіріс»бағдарламасы аясында 6%-бен несие алды. Қаражатты өндіріске арналған жабдық сатып алуға жұмсады.

г. Алматы, Бөкейханов к-сі 106

Тел 8(727)297 47 70

www.almatyabrasiv.kz