menu
Жабу

«Даму» Қорының Павлодар филиалы 2017 жылдың 9 айын қорытындылады

Жаңалықтар
24.10.2017

Өңірде «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында субсидиялау бойынша 5,2 млрд теңгелік 64 жобаға қол қойылды. Ең көп жоба саны Павлодар қаласында (30 субсидиялау келісім шарты) және Екібастұз қаласында (16 субсидиялау келісім шарты).

Банктер арасында субсидиялау бойынша ең көп жаңа жобалар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Технолизинг» ЖШС (10, 8 және 7 жобадан) бекітілген.

Кепілдендіру бойынша 2017 жылдың 9 ай ішінде 898,6 млн теңгеге 43 жоба мақұлданды. Банктер арасында кепілдендіру бойынша ең көп жаңа жоба саны «Банк Центр Кредит» АҚ, «KassaNova» АҚ-да бекітілген.

«2017–2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде микронесие беру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Бұл бағдарлама бойынша алғашқы несие Павлодар қаласында «Barn PV» ЖШС-нен берілді. Сомасы 168 млн. астам теңгеге 13 жоба мақұлданып, ЕДБ-де қарастыру сатысында 17 жоба бар.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) бизнес-жоспарларды әзірлеу, құқықтану, кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік мәселелері бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау сұрақтары бойынша 3000 жуық кеңес беру қызметі көрсетілді, сонымен қатар өтініш бергендердің арасында 102 адам кәсіпкер ретінде тіркелген, 67 кәсіпкер банктерге сүйемелденіп, жеңілдік несие ала алды, жаңа ісін ашуды жоспарлайтын кәсіпкерлерге арналған «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» оқыту жобасының аясында 65 ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер тегін оқытылды. «StаrtUp Академия» жобасы аясында 71 адам қатысты, олардың 9-ы қаржылық қолдау алды.

Астана қаласындағы «Назарбаев Университеті» АҚ бизнестің Жоғарғы мектебі негізінде шағын және орта бизнес басшыларының бағдарлы біліктілігін арттыру мақсатында «Шағын және орта бизнесті топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша оқуға Қостанай облысынан 16 кәсіпкер қатысты.