Көкшетау қаласында өткен демалыс күндерінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай банк жүйесінің қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша турнир өтті. Турнирді «Хоум Кредит Банк» АҚ ЕБ ұйымдастырды.
Турнирдің салтанатты ашылуында «Хоум Кредит Банк» АҚ ЕБ директоры Софья Карапиди алғаш рет осындай көп қатысушыларды жинай алғанын атап өтті. Бұл шараны ұйымдастырғаны үшін өз командасына алғысын білдіріп, қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.
Жарыста Көкшетау қаласының екінші деңгейлік банктер мен қаржы ұйымдарының өкілдерінен құралған 17 команда қатысты. Әрбір командада екі ер адам және бір қыз ойнады.
Турнир 3 турға бөлінді. Әр кезеңде төрт команда ойнады. Жалпы жарыс қатысушылар үшін де, жанкүйерлер үшін де қызықты өтті. Қарсыластар мықты болды, ал қай команда жеңімпаз болатынын жарыстың соңына дейін құпия сақталды.
Үш кезеңінің қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпазы «Kaspi Bank» АҚ командасы болды.
Өз алдына «Даму» Қоры тоғызыншы орынға ие болып, барлық командалардың ортасында болды. Бұл жарыс біз үшін алғашқы болды, алда әлі жаңа бастамалар мен жеңістер күтіп тұр. Демек командада жақсы ынта мен күш-қуат бар!