Солтүстік Қазақстандық компания «Даму» Қорының қолдауымен белсенді дамуда

Жаңалықтар
17.10.2016

Петропавл қаласында «Север Монтаж Автоматика» ЖШС «Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша электр таратушы құралдарды өндіріп, орнатумен айналысады.

Өткен жылдың соңында компанияға «Delta Bank» АҚ 36 млн теңге мөлшеріндегі электр жабдықтарын кеңейту және дамыту үшін несиені «Даму» Қорының кепілдігімен берген. Мөлшерлеменің жартысын мемлекет «Бизнестің Жол картасы 2020» шеңберінде субсидиялайды. Алынған қарыз компанияға ескірген станоктарды жаңартуға мүмкіндік берді. Бұл өндірістік процесті қысқартуға және жұмыс қарқынын жеделдетуге айтарлықтай мүмкіндік береді.

Өткен жылы компания 3 шағын станция, 200 қалқандар және ВРУ өндірді. Бұл құрылғылар Петропавлда жақын арада жаңа үйлерге қойылады. Соның арқасында электр қуаты жүздеген пәтерлерге беріледі. Ал қараңғы түскенде кіреберіс, көшедегі жарықтар автоматты түрде жарықты қосылып, өшетін болады. Құрылғыны құрастыру кезінде ресей мен германияның жиынтығы пайдаланылса, металл қаңқасы кәсіпорында өндіреді.

«СеверМонтажАвтоматика» ЖШС отандық нарықта сегіз жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде «СеверМонтажАвтоматика» ЖШС тапсырыс берушілер арасында Петропавл, Астана, Алматы және Павлодар құрылыс компаниялары бар.

Биылғы жылы компания 60 млн теңгенің өнімін шығарды асырды. Келесіде ірі келісім-шартқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Соның арқасында бұл көрсеткіш бес есе ұлғаяды деп межеленген.