3 ай ішінде құны 23 млрд теңгенің сусбсидиялау жөніндегі 56 шарты жасалды. 520 млн теңгені құрайтын несиені кепілдендіретін 21 шарт мақұлданды.
Сондай-ақ іс бастаушы, бизнесі бар және кәсіп ашсам деген жандар үшін бейқаржылық көптеген көмек түрлері көрсетілді:
«Даму» Қорының өз бағдарламаларын жүзеге асыру аясында «Даму-Көмек» жобасы бойынша 6 мүгедек кәсіпкер демеушілік көмек алды.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына аталған кезең ішінде 2 125 кеңес берілді. Келушілерге көбінесе бухгалтерия, заңдық негіздер, маркетинг және кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау құралдары жайлы кеңес түрінде қолдау көрсетілді.
32 кәсіпкер «Назарбаев университет» ДБҰ жанында «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында білім алды.
«Жаңа бизнес ашуға қолдау» жобасы аясында бір семинар өтіп, 24 адам қатысты. 4 қатысушы өз бизнес-идеялары үшін жоғары балла алып, оның екеуі шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелді. «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы бойынша КИМЭП университетінің 25 студенті білім алды.
25 шілде мен 23 қыркүйек айлары арасында «Startup «Bolashak» байқауының екінші кезеңіне өтінімдер қабылданды. Байқауды «Даму» Қоры мен «Болашақ» қауысдастығы бірлесіп ұйымдастырған. Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 18 бен 29 аралығындағы жастар мен 5 адамнан тұратын жобалық топтар қатысты. Алматы қаласы бойынша 365 өтінім түскен.