«Даму» Қорының Атырау облысы бойынша аймақтық филиалы 2016 жылдың 9 айына қорытынды жасады

Жаңалықтар
11.10.2016

«Даму» Қорының Атырау аймақтық филалы 2016 жылдың 3 тоқсанында жалпы сомасы 6 815 574 теңгені құрайтын 33 субсидиялау шартына және 338.399 теңгені құрайтын 24 кепілдендіру шартына қол қойылды. Жалпы кепілдендіру 203 321 теңгені құрады.

«Назарбаев Университет» ДБҰ Жоғарғы мектебі базасында «Шағын және орта бизнес топ менеджементін оқыту» жобасы бойынша Атырау облысының шағын және орта бизнесінің 17 топ менеджерлері оқыды. Оның ішінде ІІІ тоқсанда 9 адам оқыды.

2016 жылдың басынан Кәсіпкерлерді қолдау орталығында кәсіпкерлік ынтасы бар 2759 жеке тұлғаға 5194 қызмет түрлері көрсетілді. Қызмет түрлері бухгалтерлік және салық есебі, заң саласы, маркетинг және мемлекеттік бағдарламалар және т.б. салалар бойынша көрсетілді. 63 бизнес жоспар жасалды.

Осы кезеңде Кәсіпкерлерді мобильдік қолдау орталығының кеңесшісі облыстың 50 ауданын аралап 692 адамға 1272 қызмет түрін көрсетті.

Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшілері 446 адамға 1197 астам қызмет түрлерін ұсынды.

«Даму Көмек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі 3 кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді.

«Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша 49 жас оқытылып, алтауы жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

2016 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасы аясында «Даму» Қорының Атырау облысы бойынша аймақтық филиалы «Атырау Мұнай және Газ институты» және ЖШС «Apec Petrotechnic жоғарғы техникалық мектебі» оқу орындарымен меморандумга қол қойылды. Аталған жоба аясында 70 студент оқыды.

Сонымен қатар КҚО аясында кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында көптеген семинарлар, шеберлік сабақтары өткізілді. Оған 100 ден астам кәсіпкер қатысты.