Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында Тараз қаласының кәсіпкері сұлулық салонын кеңейтті

Жаңалықтар
01.11.2017

Тараз қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен «Лия» ЖК басшысы Наргиза Исмазоваға «Қазақстан Халық банкі» Жамбыл филиалы жылжымайтын коммерциялық мүлік (сұлулық салон) сатып алу мақсатында сомасы 18 150 мың теңгені құрайтын несиені мақұлданған.

Бұл - «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде Тараз қаласындағы алғашқы жобалардың бірі. Яғни, жылына 6% болып мақұлданған. Сонымен қатар, жоба бойынша "Даму " Қорының кепілдігі 7,748 мың теңге болды. 

Бұл бағдарлама кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы үй-жай жалға алу шығынын үнемдеуге жақсы мүмкіндік береді.

Осылайша, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қолдауды пайдалана отырып Наргиза Шакірқызы өз бизнесін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Әрі бәсекелестер алдында артықшылығын көрсетеді.

Айта кету керек, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде сала бойынша шектеу жоқ.