«Даму» Қорының Солтүстік Қазақстан филиалы 2017 жылдың ІІІ тоқсанын қорытындылады

Жаңалықтар
03.11.2017

«Даму» Қорының Солтүстік Қазақстан филиалы «Бизнестің жол картасы-2020» біріңғай бағдарламасы мен басқа да Қор құралдары бойынша көрсетілген қызмет қорытындысын шығарды.

Осы кезең ішінде филиалда 42 субсидия шартына қол қойылды. Субсидиялардың жалпы сомасы 227,4 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, облыс бойынша жыл басынан бері 113,3 млн теңге болатын «Даму» Қорының 11 кепілдігі берілген.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығының мамандары консультациялық-тәжірибелік және сервистік қызмет көрсету бойынша тұрақты түрде бизнесті ашу және жүргізу мәселелері, бухгалтерлік есеп және салық есептілігі, заң аспектілері, бизнес-жоспар әзірлеуге кеңес беріп, көсмек көрсетіп келеді.

Үшінші тоқсанда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында қырықтан астам бизнес-жоспар тегін әзірленді. Кәсіпкерлердің қаржыландыруды сұраған 42 өтінімі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгінгеннен кейін екінші деңгейдегі банктерге дейін сүйемелденді. Нәтижесінде мемлекеттен қаржылай қолдау алды.

Сондай-ақ,үшінші тоқсанда «Жаңа бизнес ашуды қолдау» бағдарламасы бойынша КҚКО базасында 28 кәсіпкер бизнес негіздерін тегін оқыды. Олардың біреуі кейін бірден жеке кәсіпорынын тіркеді. «ШОБ топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында «Назарбаев Университеті» ДБҰ базасында СҚО 4 кәсіпорын басшысы оқып қайтты.

Кәсіпкерлер, мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен бизнесті дамыту бағдарламада болуға ниет білдірген қатысушылар, сондай-ақ консультациялық қолдау алуға ниет білдірушілер құжат жинауға және өтінімді банкке беру, несиелік және бизнес-жобаларды сүйемелдеуді қажет ететіндерді Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына шақырамыз.

Біздің мекен-жайымыз: Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 191-үй, анықтама телефоны: 8-(7152)55-98-10.