Арқалық қаласының кәсіпорыны «Даму» Қорының кепілдемесімен жиһаз шығаруға қажет қосымша жабдықтар мен материалдар алып, өнім көлемін ұлғайтты

Жаңалықтар
26.09.2016

«Жиһаз» салонының өнімдері Қостанайлық тұтынушылар арасында кеңінен танымал. Мәселе жиhаздың үнемі жоғары сұранысқа екендігінде ғана емес. Сатып алушыны жиhаздардың кең ауқымдылығы мен сапасы тартады.

Жеке кәсіпкер Жанат Азмағанбетованың «Жиһаз» сауда салоны жанында шағын цех те жұмыс істейді. Есесіне тек өнім шығарып қана қоймай, оны өткізу мәселесі де бірге шешілген. Арқалық қаласында шағын бизнес - сауда немесе қызмет көрсету саласы бойынша ғана дамығанын ескерсек, кәсіпкер таңдаған бұл бағыт қызығушылық тудырмауы мүмкін емес. Бұл тұрғыда Жанат Азмағанбетова тұрақты өндірісті жолға қойып, кәсіби білікті мамандардың басын шоғырландыра алды. Шағын қалада өз ісінің шеберін табу оңай еместігін ескерсек, бұл – өте сәтті жоба болғаны анық.

Жанат Азмағанбетова тұрақты өндірісті реттеп қана қомай, шығаратын өнім көлемін де ұлғайтты. Бұл ретте оған 10 млн несие көп көмек болды. «Даму» Қоры ұсынған кепілдеменің арқасында кәсіпорын сенімді қаржы көзін тауып, жиhаз өндіруге қажетті қосымша жабдықтар мен материалдарды сатып алды.