menu
Жабу

«Даму» Қорының қолдауымен Қызылордалық кәсіпкер 54 жаңа жұмыс орнын ашты

Жаңалықтар
23.09.2016

Іс бастаған кәсіпкер Ғалымжан Иманғалиевтің «GARAGE №1» атты көлік жуу бекеттері жүйесін ашу идеясын «Даму» Қоры қолдап, «Сбербанк» ЕБ АҚ арқылы несие рәсімдеу үшін 85% кепілдемесін ұсынды. Кәсіпкер несие қаражатын көлік жуу қызметінің өзіндік құны төмендететін соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсады.

Стартап жоба иесі Ғалымжан Иманғалиев өзінің компаниясын бар-жоғы жарты жыл бұрын ашқан. Осы аз уақыт ішінде ол 5 көлік жуу бекетін іске қосып, 50-ден аса жаңа жұмыс орындарын ашты. «GARAGE №1» бекетінің иесі бәсекелестері көп болғанына қарамастан, кәсібін осы бағытта бастағанына қуанышты. Оның айтуынша, Қызылорда қаласында жұмыс істеп тұрған көлік жуу орындары бүгінгі таңда ескірген құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдануда. Барлық сервистік орталықтарда қызметкерлердің тұрақсыздығы мен қосымша қызмет түрлерінің жоқтығы өзекті болып отыр.

- «Өз кәсібімді бастамас бұрын, сервистік қызмет көрсететін нарықты тыңғылықты зерттеп шықтым. Бизнес ашу барысында қызмет түрлерінің деңгейіне талдау жасап, болашағы бар бағытты таңдау арқылы өз жобаңды табысты етуге болады. Сондықтан осы бизнесті саралай келе мен барлық бәсекелестердің кемшіліктерін ескере отырып, бизнес-процессті автоматтандыруға мүмкіндік беретін жаңа құрал-жабдықтар сатып алдым. Көлік жуу орталығына арналған компьютерлік бағдарламаның көмегімен шығындар есебі мен тапсырысты рәсімдеу сияқты процесстерді автоматтандырдық. Міне осының бәрі мемлекеттік қолдаудың көмегімен жүзеге асты және банк алдында кепілмүліктің жетіспеушілігі мен несие үстемесін 7%-ға дейін төмендетуге қол жеткіздім»,-дейді Ғалымжан Иманғалиев.

Бүгінде «GARAGE №1» сервистік орталықтарында тұрақты клиенттерге жеңілдіктер мен ынталандыру жүйесі белсенді түрде қолданылуда. Әрбір тұтынушыға кешенді көңіл бөлудің арқасында және қосымша ғаламторды еркін пайдалану, дәмхана мен арнайы күту залы сияқты қызмет түрлерінің іске қосылуы кәсіпкердің кәсібіне сұраныстың артуын қамтамасыз етуде.