Жеке кәсіпкер Артур Самигулин 2015 жылы Петропавлда «Колокольчик» балабақшасын ашты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуының арқасында кәсіпкер екі қабатты балабақша ғимаратына қайта жөндеу жүргізіп, жиһаз, жабдықтар сатып алған.
«Колокольчик» балабақшасы қаланың жер үйлер көп шоғырланған ауданында орналасқан. Мектепке дейінгі мекеме жетіспеушілігінен қолайсыздық көріп отырған тұрғындар үшін бұл елеулі көмек болған. Бүгінгі күні жалпы алаңы 450 шаршы метрді құрайтын «Колокольчик» балабақшасына 2-5 жас аралығындағы 44 бала барады. Мұнда бүлдіршіндермен ағылшын және қазақ тілі мұғалімдері, логопед, психолог, хореограф және музыкалық қызметкерлер жұмыс істейді. Сонымен қатар, эстетик және драма өнерін дамытатын үйірмелер ашу жоспарланып отыр.
Атап айтарлығы, өткен айда Алматы қаласында өткен «Үздік балабақша» Республикалық байқауында «Колокольчик» балабақшасы екінші орын алды.
Кәсіпкердің айтуынша, бүгінгі таңда «Даму» Қорының субсидиялары банкке төлейтін несие төлемдерін айтарлықтай жеңілдетеді және кәсіпорын үшін қолдау болып отыр. Артур Шәмілұлы мемлекеттің қолдауымен балабақшаны кеңейтіп, тәбиеленушілердің санын арттыруды жоспарлап отыр.