info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Астаналық Stone House компаниясы 6% мөлшерлемемен қаржыландырылды

Жаңалықтар
05.12.2017

«STONE HOUSE» жеке шаруа серіктестігі «STONE DECOR» сауда белгісімен 17 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мәрмәр, гранит, травертин, оникс табиғи материалдарын өңдейтін қазақстандық тас өңдеу компаниясы.

Компания - әлемдегі №1 италиялық тас өңдеу фабрикасы AntoliniLuigi-дің ресми дистрибьюторы. Сондай-ақ Түркия, Испания, Қытай, Қазақстандық тасымалдаушыларымен бірге қызмет істейді.

«STONE DECOR» компаниясы Master 33.5/38.5/45.5 PLUS сандық бағдарламалық басқаруы бар инновациялық станокқа несие алу үшін «Даму» қорына жүгінді.

Бұл құрал сандық бес интерполяциялық білігі бар өңдеуші орталықтардың ішіндегі дамудың соңғы сатысы. Master 33.5/38.5/45.5 PLUS жазу енгізу, бұрғылау, фрезерлеу, жиекті сырт құралмен өңдеу, әртүрлі қалыңдық фацеті және т.б. жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның басты құндылықтарының бірі ұсақ және орташа тетіктер біртұтас болып, бөлшектерге бөлінбей жасалады.

Жоба өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ-ты қолдау бағдарламасы аясында қолдау алды.

Бұл бағдарламаға қатысу арқылы кәсіпкер өз шығындарын біраз қысқартты, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 6% болды.

«Даму» Қоры бағдарламасының қалай қатысушысы болу жайында, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8А үйі, 1 қабат мекен-жайында орналасқан біздің КҚКО-нан біле аласыздар.