info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жаңа техника - қызмет көрсету сапасының кепілдігі

Жаңалықтар
06.12.2017

«АзияСтройЭнергоСервис» ЖШС 2011 жылы құрылған мекеме. «РЗА» серіктес компаниялар тобының құрамына кіреді. Мекемеде 19 адам еңбек етеді. Жұмыстың көлеміне байланысты маусымдық жұмысшыларды да жұмысқа алады.

Бұл кәсіпорын осы уақытқа дейін сенімді іскер серіктес ретінде беделге ие. Кез-келген күрделі жөндеу немесе құрылыс жұмыстарын қамтамасыз етуге қабілетті, электр жұмыстары, су құбырларын жөндеу, (су ресурстарын басқару жұмыстары) өрт сөндіру дабылдарын орнату, сорғы станцияларын қалпына келтіру және телефон желілерін орнату сияқты қызметтерді атқарады.

36-дан астам объектідегі жұмысты жүргізіп, шарттағы міндеттемелерді толық және сәйкес, кәсіби түрде жұмыстарды жүргізді. Өмір қарқынының өсіп жатқанын және уақыттың маңызды екенін ескере отырып, көптеген жұмыстарды орындайтын жаңа арнайы техниканы алу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп «Даму» қоры арқылы «Технолизинг» лизингтік компаниясының жеңілдетілген қаржылық қолдау бағдарламасын пайдаланып, 2 түрлі арнайы техниканы, яғни манипулятор және НЕФАЗ 9334-20-01 маркалы жартылай тіркеме сатып алды.

Арнайы жабдықтар сатып алып, серіктестіктің келесідей артықшылықтары мен мүмкіндіктері өсті:
• жұмыс құнының төмендеуі;
• уақытты үнемдеу;
• кез келген жерден жүктерді ,қапсырып алу, тауарларды қауіпсіз және сенімді жеткізу;
• жүктерді жылжытудың кең мүмкіндіктері. 
Серіктестің директоры «Даму» Қорының осы лизингтік қаржыландыру бағдарламасы арқылы жылына 14%-дық мөлшермен техниканы алғанына ришашылығын білдіреді. Міне осының бәрі мемлекеттік қолдаудың көмегімен жүзеге асты және несиенің үстемесін 10%-ға дейін төмендетуге қол жеткіздім, - дейді Баянов Әділхан Жұмаханұлы.

Жақсы өмір сүргің келсе, аянбай еңбек етуің керек деп ойлаймын. Кәсіпкерлер үшін осындай үлкен мүмкіндіктерді берген «Даму» Қорына алғысымды білдіремін - дейді Серіктестің директоры Баянов Әділхан Жұмаханұлы.