«Даму» Қорының тартуымен Азия даму банкі бөлген қарыздың 1-траншын ақшаға айналдыру нәтижесі бойынша, банктер 76,7 млрд теңгені игерген

Жаңалықтар
18.08.2016

Осы жылдың 12 тамызы күні «Даму» Қоры Азия Даму банкі бөлген 22,2 млрд теңге қарыздың 1-ші траншын толық жұмсау мерзімінің аяқталуына байланысты аталған банк алдындағы міндеттемесін тоқтатты.

Азия даму банкі бөлген қарыздың 1-ші траншын ақшаға айналдыру нәтижесі бойынша 76,7 млрд теңге игерілген. Бұл қаражатқа кәсіпкерлердің 1100 жобасы қаржыландырылып, оның аясында 2,4 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Мультипликативті әсері 345% құраған.

500 млн долларлық қаржыландыру туралы келісім 2011 жылы 12 мамыр күні Қазақстан Республикасы үкіметі, Азия даму банкі және «Даму» Қоры арасында жасалған болатын. Осы келісім аясында Қор Азия даму банкінен ҚР үкіметі кепілдемесімен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру үшін 3 траншпен несие желісін тартқан болатын.

2011 жылы Қор 5 жыл мерзімге 22,2 млрд теңгелік 1-ші траншты тартты. Аталған қарыз Азия баму банкі тарапынан жергілікті валютада, тұрақты сыйақы мөлшерлемесімен берілген тұңғыш тәуелсіз операция деп бағаланды. Осының нәтижесінде Қор екінші деңгейлі банктер мен шағын және орта бизнес өкілдері үшін валюталық және пайыздық тәуекелдердің сәйкессіздігін төмендете алды.

Тартылған қаражатты Қор «Банк ЦентрКредит» АҚ (7,4 млрд), «Forte Bank» АҚ (7,4 млрд) және «Қазкоммерцбанкке» (7,4 млрд) несие шартымен кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыру мақсатында орналастырды. (жылдық мөлшерлеме 11%-дан 12%-ға дейін, 5 жылдан аспайтын мерзімге, салалық шектеусіз).

«Даму» Қоры мен Азия баму банкі екінші деңгейлі банктерді олардың қаржылық жағдайы мен тұтастығын инвестицияламас бұрын тексеру нәтижесінде таңдаған. (Due Diligence) .