menu
Жабу

Шығыс Қазақстан облысында 6 компания мемлекеттік қолдауға ие болады

Жаңалықтар
05.08.2016

Шығыс Қазақстан облысының аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында 6 жоба мақұлданды.

«ВИНТ» ЖШС өтінімі айналым қаражатын толықтыруға, «Диана-97» ЖШС өтінімі ағымдағы қарызды қайта қаржыландыруға бағытталды. Бұл екі жоба да БЖЗҚ қаражатымен қаражаттандырылатын болады. «А.Ж.Елюбаев» ЖК өтінімі жүк тасымалдау қызметтерін көрсету үшін «SHAKMAN» автомобилін сатып алу үшін берілген болатын.

«Аиша» ШҚ жобасы бойынша нысанға өндірістік инфрақұрылым жүргізуге қатысты оң шешім қабылданды. Жақын уақытта Ұлан ауданының Айыртау ауылында орналасқан шаруа қожалығына «Сүт-тауар фермасын құру» жобасының аясында энергиямен жабдықтау желісі тартылады.

«С.Н.Оспанов» ЖК жобасы Семей қаласындағы «Елімай» демалыс базасын жаңарту мен кеңейтуге бағытталған. Бүгінгі күні кәсіпкер бұрын қаражаттандырылған 88 миллион теңге көлеміндегі «ЦентрКредитБанкі» АҚ-нан алған бірінші қаржысына базаның 11 бөлмелік негізгі ғимаратын жаңартып, қимадан жасалған үйлер, бассейн, кафе және монша салды. 30 миллион теңгеге екінші рет несие алып, Бесқарағай ауданының Старая Крепость ауылының қарағай орманындағы демалыс базасын кеңейтуді аяқтауды жоспарлап отыр.

«Г.К.Мусабалина» ЖК қазіргі уақытта көрме залы бар «Асат» Сән үйінің құрылысын жүргізуде. Осы отырыста мақұлданып, «ForteBank» АҚ арқылы алатын қарыз құрылысты аяқтауға жұмсалады. Кәсіпкердің өзі жуырда Парижден оралды. Ол жерде Пьер Карден сән үйінде өз киім топтамасын ұсынған болатын.

Барлығы 196 миллион теңгенің жобалары мақұлданды.