Медициналық мақсатта киім шығаратын «Мерусар и К» компаниясының мемлекеттік бағдарламаларға қатысып жүргендеріне бірнеше жыл болған.
Әдетте кәсіпкерлер алдымен қаржылық қолдауды (қаржыландыру, субсидиялар) пайдаланып, содан кейін ғана қаржылық емес көмекке жүгінетін болса, «МЕРУСАР және К» бәрін керісінше істеген.
2011 жылы «МЕРУСАР және К» ЖШС директоры Маханов Марат Айтпайұлы «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқуда болды. 2012 жылы ол бағдарламаның екінші кезеңіне өтіп, Германияға тағылымдамаға барды. Германияда Марат Маханов өзінікіндей кәсіпорындардың жұмысымен танысып, жабдықтарын көрді. Осындай жабдық пен кәсіпорын сатып алу туралы ой туған. Кәсіпкердің бұл арманын іске асыруға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы көмектесті. Жылына 14 пайызбен 200 млн теңге көлемінде несие алынды. Ақша жаңа зауыт салуға және жаңа жабдықтар сатып алуға жұмсалған.
Енді кәсіпорында төсеп-кесу кешенінің арқасында өнімділік бірнеше рет өсті. Автоматты желі мың шаршы метр шығын материалдарын дәл пішеді. Жабдықтарды жаңғырту бағдарламасы зауытта кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келеді. Өндіріс көлемінің артуына байланысты кәсіпорын қаптама жасау процесін де күшейтті.
- «Біздің компанияда өндіріс 15-20%-ға автоматтандырылған. Сонымен қатар, біз жұмыс орындарын да сақтап қалды. Қазір бізде жүзден астам адам жұмыс істейді. Ал болашақта басқа да автоматты желілерді іске қосуды жоспарлап отырмыз»,-дейді Марат Маханов.
Тағы бір жаңалық – пішу үлгілерін автоматты түре жобалау жүйесі. Осы бағдарламаның көмегімен зауыт өнім түрлерін кеңейте алады.
Компаниясы балалар киімін шығаруды да қолға алып, болашақта балалар киіміне арналған дүкен ашуды жоспарлап отыр.