menu
Жабу

«Даму» Қорының Талдықорғандық филиалы 2016 жылдың екінші тоқсанын қорытындылады

Жаңалықтар
15.07.2016

Тоқсан ішінде филиал кәсіпкерлердің несиелерін субсидиялау бойынша сомасы 578,42 млн болатын 34 келісім шартқа қол қойды. Сонымен қатар, кепілдік беру бойынша сомасы 510 млн тенге болатын 29 келісім шарт мақұлданды.

Талдықорған қаласының кәсіпкерлерді қолдау орталығына екі мыңнан астам адам келді. Олар бухгалтерия, құқықтық, маркетинг, сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру кеңестерін алу үшін келген. Бұдан басқа, 118 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. 

«Даму-Көмек» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың екінші тоқсанында көпфункционалды тігін машиналары түріндегі демеушілік көмекті мүмкіншілігі шектелген жеті әрекеттегі және әлеуетті кәсіпкерлер алды, демеушілер ретінде Қайнар АКБ ЖШС-і және «GLASMAN» ЖШС қатысты. Бұл кәсіпкерлер, жақында, «Бизнестің Жол Картасы – 2020» бағдарламасы шегінде мемлекеттік қолдауға ие болып, өз бизнестерін дамытқан, және қазір «Даму-Көмек» бағдарламасы арқылы әр түрлі көмек көрсету мүмкіншіліктері бар.

«Студент жастарының кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасы шегінде алты күн барысында І.Жансүгіров атындағы ЖМУ жиырма студенті үшін оқу өтті. Жас азаматтар менеджмент пен салық салу негіздерімен танысып, бизнес-жоспар құруды үйренді.