«Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасының жүзеге асырылуынан бастап субсидияау бойынша облыстың Аймақтық үйлестіру кеңесінде жалпы сомасы 102,8 млрд теңге болатын 657 жобасы мақұлданған. Оның ішінде 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында несие сомасы 12,4 млрд теңгенің 61 жобасы қолдау тапқан. Оның қатарында сомасы 7,1 млрд теңгенің 36 жаңа жобасы бар. Ағымдағы жылы жаңа жобалар бойынша қол қойылған субсидиялау шарты саны бойынша белсенді екінші деңгейлі банктердің (одан әрі-ЕДБ) қатарында «Қазақстан халық банкі» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Сбербанк» ЕБ АҚ бар.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында кепілдік беру құралы бойынша «Даму» Қорының филиалы облыстың жалпы несие сомасы 484,6 млн теңге болатын 23 жобасын мақұлдады. Оның ішінде кепілдік сомасы 228,5 млн теңгені құрайды. Аталған құрал бойынша белсенді ЕДБ қатарына «Банк Kassa Nova» АҚ, Қазақстан халық банкі» АҚ, «Сбербанк» ЕБ АҚ енген.
Қордың филиалы қаржылық емес қолдау бағытында белсенді жұмыстар атқарды. Аймақтағы кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Шағын және орта бизнес топ менеджерлерін оқыту» жобасы бойынша аймақтың 15 кәсіпкері «Назарбаев Университет» ДБҰ-ның Жоғарғы бизнес мектебі базасында оқудан өтті.
«Даму-Көмек» бағдарламасының жүзеге асырылу аясында мүмкіндігі шектеулі 10 кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді.
Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (одан әрі - КҚКО) бизнесті мемлекеттік қолдау, бухгалтерлік және салық есебі, заң саласы, бизнес жоспарды әзірлеу және т.б сұрақтар бойынша 2 600-дей астам кәсіпкерлік ынтасы бар жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге 3 300-ден астам консультациялық қызмет көрсетілген. ККҚО-да жарты жылдықта бизнесті жүргізу бойынша ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін 60-тан астам тренингтер, семинарлар, кездесулер мен мастер-кластар ұйымдастырылды. Кепілдік беру құралы бойынша Қормен мақұлданған 23 жобаның 13 жобасын КҚКО консультант-мамандары сүйемелдеген.
«Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасы бойынша ұйымдастырылған 2 семинарға 77 адам қатысқан. Олардың ішінде 10-нан астам қатысушының жобалары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттарға қатысу үшін КҚКО-ның консультант-мамандарымен сүйемелденген.
Сонымен қатар, «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасы бойынша облыстың жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының 52 студенті оқудан өтті.