menu
Жабу

«Даму» қорының Павлодар облысы бойынша филиалы 2016 жылдың екінші тоқсанын қорытындылады

Жаңалықтар
14.07.2016

Павлодар облысы бойынша бағдарламаның жүзеге асыру кезеңінде кепілдендіру бағыты бойынша 18 жоба мақұлданып, кепілдендірудің жалпы сомасы 213 млн.теңгені құрастырды. Кепілдендіруден басқа бизнесмендер пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жағынан мемлекет тарапынан қолдау алды. Бұл - несие үшін төлемінің сомасын төмендетуге және босатылған қаражатты өзінің бизнесін дамытуға мүмкіндік берді. Екінші тоқсанда субсидиялау бағыты бойынша құны 3 млрд теңгеден асатын 26 жобаға көмек көрсетілді.

27 мамыр күні Павлодар облысының кəсіпкерлері «Қазақстанда жасалған» ұлттық көрмесіне қатысты, олар онда өздерінің өнімдерін ұсынды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында екінші тоқсанда кəсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша 2 017 кеңес берілді, сондай-ақ заңгерлік, маркетингтік, бухгалтерлік есеп қызметтері көрсетілді. 33 бизнес-жоспар əзірленіп, екінші деңгейлік банктерге 19 жобасы сүйемелденді. Мобильдік кеңесшімен кəсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша облыстың аудандарында 215 кеңес көрсетілді.

«Жаңа бизнесті қолдау мен ашу» бағдарламасы аясында 20 адам оқытылды, жоба қатысушыларының көбі жақын арада жеке ісін ашуды жоспарлап отыр. «Студент жастардың кəсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлода Мемлекеттік Университетінің 20 студенті атсалысты. Сонымен қатар бүгінгі күні «Шағын және орта бизнес топ менеджментін оқыту» бағдарламасы бойынша 7 кәсіпкер оқып шықты. Аталған бағдарлама шағын жəне орта бизнес басшыларының құзыретілік деңгейін арттыруға бағытталған.