Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен оңтүстік қазақстандық кәсіпкерлер өндірісті жаңғыртып, тұрмыстық өнімдердің жаңа нарығына шығуда

Жаңалықтар
12.07.2016

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Аймақтық филиалы Сайрам ауданында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан кәсіпорындарға баспасөз-саяхатын ұйымдастырды.

Бағдарламаны жүзеге асырғаннан бері осы күнге дейін (27.06.2016 ж. жайы бойынша) жалпы соммасы 149,4 млрд теңгені құрайтын 525 жоба бойынша шартқа қол қойылған.

Облыста жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге (кепіл соммасы 1,8 млрд теңге) кәсіпкерлердің несиелерін біртіндеп кепілдендіруді ұсыну бойынша 100 шартқа қол қойылған. Шымкент қаласының аумағынан тыс 52 бизнес-жоба қолдау тапқан, кепілдің жалпы соммасы 910,5 млн теңгеден көп. 2016 жылы 4 ай ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «БЖК 2020» Бірыңғай бағдарламасына қатысушылар 1,1 млрд теңге салық төлеген.

Баспасөз-саяхаты барысында тілшілер «Даму» Қорының қолдауына ие болған бірнеше кәсіпорындарға барды.

2015 жылы «Даму» Қоры кепілдігінің арқасында Сайрам ауданында 23 тонна дайын өнім немесе айына 92 мың дана кір сабын шығаратын цех ашылды.

Өмірбай Тәшімбетов Сайрам ауданының тұрғыны. 1953 жылы туған. Өзінің 30 жылғы еңбек жолының 10 жылдан астамында жеке компаниялардың басқару қызметтерінде болған. Ал 2014 жылдың басында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз бизнесін ашуға бел буып, кір сабын өндірісімен айналысатын болып шешім қабылдайды.

«Халық тұтыну тауарларына әрқашан сұраныс бар, оның үстіне, біздің облыс ең тығыз орналасқан, онымен бірге Өзбекстанмен шекараласып жатыр, әртүрлі тауар түрлерінің нарығын және оларға сұранысты зерттей келе, мен кір сабын өндірісін қолға алдым» - дейді Өмірбай кәсіпкер. - «Цех үшін ғимаратты жалға алу және шикізат сатып алу сұрақтарын тездетіп анықтап алдым, тұтынушылар үшін өнім сапалы және бағасы тартымды болуы үшін, дайын өнімге дейінгі өндірістің толық үрдісін қамтитын ақылды құрылғы қажет. Менің үрдісімде бұл дегеніміз: майды ерітуден бастап, оны айдап қотару, табиғи өсімдік майларын қосып қайнату, кептіру және соңында өңдеу, кесу және қаптау». Мұндай, жиынтықтығы, қуаттылық және бағасы бойынша оңтайлы құрылғы Өзбекстандық өндірушілерден табылды. Ал оны алу үшін қаражат жетіспеді».

Мұндай коммерциялық идеясымен іс бастаушы кәсіпкер ОҚО бойынша «Даму» Қорының Аймақтық филиалына жүгінеді. Бұл жерде кәсіпкердің идеясын қолдады және «Даму» Қорының кепілдігін және пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды ұсынды, яғни несие бойынша пайыздық мөлшерлемеден 7% қайтарымсыз төлеу, ал қалған 7% кәсіпкердің өзі төлейді.

Нәтижесінде «Даму» Қоры «БЖК 2020» Бірыңғай Бағдарламасының шеңберінде 6,2 млн теңгені кепілдендірді. Бұл кәсіпкердің Банктен алған несие соммасының 70%.

«БЖК 2020» Бірыңғай Бағдарламасының тағы бір қатысушысы жартылай винилхлоридтік құбыр өндіруші Сайрамдық компания «Еврокод».

2015 жылы неміс өндірушіліерінің құрылғысын сатып алу мақсатымен 190,0 млн теңге сомасында несие алуға келді. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 14%, оның 10% мемлекеттік бағдарлама шеңберінде «Даму» Қоры төлейді. Серіктес-банк – «Сбербанк» АҚ ЕБ.

Бүгінгі таңда, компания неміс өндірушілерінің заманауи құрылғысы – экструздік тізбек ЖВХЕ 400мм, бұранда кескіш білдек және пневматикалық куттер алған. Жаңа құрылғы айына 600 тоннадан аса ЖВХ өңдеп шығарады.

«Біз өндіретін өнім жоғары сапасымен,төзімділігімен ерекшеленеді. Өнім сапасы көптеген факторлардан тәуелді, ең негізгісі - қолданылатын шикізаттың сапасы және құрылғы. Біз шикізатты Германиядан, Ресейден және Қытайдан сатып аламыз. Өндіріс барысы ретке келтірілген, құрылғы немістікі, өнім жоғары деңгейдегі стандартқа сәйкес, жоғары өрт қауіпсіздігімен және қоршаған ортаға зиянсыздығымен ерекшеленеді. Құбырлар әртүрлі қышқыл және тот басу тараптарының әсерлеріне ұшырамайды. Құбырларды пайдалану кең көлемді қамтиды, оңтүстік аймақтардың нарығына шығуды жоспарлаудамыз. Мемлекеттің және «Даму» Қорының тарапынан қолдау арқылы біз 190,0 млн. теңге сомасында несие алдық. Ол бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4% төлейміз, бұл деген біз үшін өте тиімді, және біз жоғары сапалы ЖВХ құбырларының өндірісін іске қоса алдық».

Штат саны – 30 адамнан көп.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы мемлекет тарапынан қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдарын қосатын бірегей жүйені ұсынады.

Өз ісін ашқалы жатқан немес әрекет етуші бизнесін кеңейтіп жатқан кәсіпкер несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялай алады, несие бойынша біртіндеп кепілдендіруді не болмаса инженерлік байланыстар жүргізеді, Бағдарлама қаражатының есебінен оқиды және тіпті ұқсас кәсіпорындарда тағылымдамадан өту үшін шет елге бара алады. Сонымен қатар, басқару саласында, жұмыс, халықаралық нарықтарда мол тәжірибесі бар және қайтарымсыз негізде құрылғының жұмысын реттеп және онымен жұмыс жасауды қызметкерлерге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар бизнесті жүргізу, тиімді бизнес-үрдістерді жасау, тауар және қызметтерді өткізу бойынша шетелден аға сарапшыларды шақыруға болады.