Маңғыстау ауылы Мұнайлы ауданында «Даму» Қорының қолдауымен тұңғыш медициналық орталық пен дәріхана ашылды. Орталық жетекшісі Зоя Букаева – дәрігер. Ол ұзақ уақыт бойы Маңғыстау облысы бойынша ІІМ–де медициналық қызметтің басшысы болып жұмыс істеген. Туған ауылы Маңғыстауда өз медициналық орталығын ашуға туралы ой оны көптен мазалаған болатын. Кәсіпкерді бұл ойға ауылында дәріхананың, амбулатория және емдеу кабинеттерінің болмауы, тіпті тұрғындардың қарапайым медициналық ем қабылдау мен дәрі–дәрмек алу үшін қалаға қатынайтындығы итермелеген. Зоя Букаева осы жағдайды өзгерту арқылы жерлестеріне көмектескісі келген.
«Даму» Қоры Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан қажетті кеңес алып, құжат жинауға көмек алған соң Зоя Букаева «ВТБ» банк АҚ арқылы 6 млн. теңге несие алып, мемлекеттік қолдау бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау құралын пайдаланды. Сонымен қатар Зоя Букаева осы жоба бойынша «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды. Өйткені банк алдында кепілзаты жеткіліксіз болған.
Несие қаражатына ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, емдеу столдары, шкафтар, бейнекамералар мен кушетка секілді жабдықтарды сатып алды. Бүгінгі күні емдеу кабинеттері мен массаж кабинеттері, дәріхана жұмыс істеп тұр. Дәріхананың бағасы қаланың бағасынан айтарлықтай төмен. Болашақта кәсіпкер физиотерапия кабинетін ашуды және кеңейтуді жоспарлап отыр.
Тағы бір қуанышты жайт, несие бойынша пайыздық мөлшерлемесінің жартысын төлеуді мемлекет өз мойнына алады.