menu
Жабу

Жастарды қолдау – болашаққа салынған инвестиция

Жаңалықтар
13.06.2016

«Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы аясында «Даму» Қорының Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалы мен КИМЭП университеті арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Шара кезінде сөз алған «Даму» Қорының Алматы қаласы бойынша аймақтық филиал директорының орынбасары Арыстан Кенжалинов: - әріптес ретінде бұл оқу орнын таңдаған себебіміз, КИМЭП - мемлекеттік сектор мен бизнес саласында көшбасшылар дайындап келе жатқан оқу орны,-деп атап өтті. Ол өз сөзінде мұндай тренингтердің маңыздылығына тоқтала келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Жоба ҚР жоғары оқу орындарында оқитын 18-29 жас аралығындағы студент жастардың кәсіпкерлік талабына қолдау білдіріп, олардың кәсіпкерлік және тұлғалық қабілеттерін қалыптастырып, өз бизнесін ашып, әрі қарай жүргізіп кетуіне жағдай жасауды көздейді.


Жобаның негізгі мақсаты – студент жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттап, іс бастаймын деген жастар мен ісін жаңа бастаған бизнесмендердің кәсіпкерлік құзіретін көтеру болып табылады.


Жобаға қатысу үшін аталған ЖОО 125 студенті өтініш берді. Қазіргі кезде 40 студент пен магистрант және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер оқып жатыр.


«Даму» Қоры студенттерге ЖОО жанында жүріп-ақ бизнес негіздерін оқуға жақсы мүмкіндік беріп отыр. Оқу 4 бойы жүреді. Бұл уақыт аралығында болашақ кәсіпкерлер кәсіпкерлік психологиясы, бизнес-идеялар таңдау тәсілі, бизнес жоспар құру барысын және бизнес жүргізудегі заңдық аспектілерін оқиды.

Студенттер үшін ең маңызды кезең – тәлімгермен жұмыс істеп, болашақта бизнес-жоспарларын қорғауы болмақ.