«КЭММИ» компаниясының тарихы 1997 жылы тез пісірілетін кеспе өндіруден басталады. Сол кездің өзінде-ақ қазақ ұлттық тағамдарының ең сүйіктісі – асқан еттің наны, кеспе және лағман тағамдарын әзірлеуге қолданылатын бірегей жартылай дайын өнім өндірісі туралы ой туындағанеді. Келесі жылы компания өзінің өнімдер қатарын құрып, алғашқы өнімін шығара бастады.
1998 жылы тұңғыш жайма өндірушісі атанған компанияға арнайы осы өнім түрін өндіру үшін 01-01 нөмірлі техникалық шарттар жасалды және сәйкестік сертификаттары алынды.
«КЭММИ» компаниясы 2012 жылы астық қоймасын, диірмен және өндіріс кешенін, конструкторлық және дизайнерлік бюроны, қойма шаруашылығын, дамыған логистика жүйесін біріктіретін «КЭММИ GROUP» болып қайта құрылды.
Компанияның өз тауар белгісі бар, сондай-ақ компания премиум сыныпты өнімдердің - жайма, лағман, сорпалық кеспе, манпар, ерекше пішінді макарон өнімдерінің, ТМД елдерінде жоқ үзбе қамыр, лазанья кеспесі, ерекше кеспе түрі мен шығыстық кеспелердің басты ірі өндірушісі және өнім берушісі болып табылады.
Өнім Қазақстаннан басқа елдерде де кең таралған. Компания өз нарығын үнемі кеңейтіп, Ресей, ТМД-ның басқа елдеріне және Еуропаға экспорттау тәжірибесін жинақтаған.
«Кэмми» ЖШС – «Бизнестің Жол Картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы. Өндірісті жаңартуға және кеңейтуге деген несие соңғы уақытта 650 миллион теңгеден асып түсті. «Кэмми» ЖШС тәулігіне 30 тонна макарон өнімдерінің түрлі атауларын шығарады. Арасындағы ең көп сұранысқа ие – жайма наны және италия макарондары. Кәсіпорында 460 адам жұмыс істейді.