Жақында Астанада ерекше автокөлік жуу орны ашылады. «Бизнестің жол картасы 2020» Біріңғай бадарламасы арқылы елордалық «Ұсталар» ЖШС компаниясы несиесін біршама арзандатып, «Даму» Қорының кепілдемесін де пайдалана алды.
250 теңге мен жоғары қызмет сапасы - автожуу орнын басқа бәсекелестерінен ерекшелеп тұр.
«Әдеттегі алыпсатарлықпен айналысқым келмеді. Ерекше, қолжетімді, бағасы қалтаға салмақ түсірмейтіндей тың дүние ойлап тапқым келді. Алматыда мұндай автокөлік жуу орындары бар. Ал Еуропада бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатыр. Басында біраз қиындықтар болды. Әсіресе бұл нысанға жер телімін алу оңай болған жоқ. Әкімшілікке ұсыныс айтқанымызбен, түсіністік танытпады»,-дейді кәсіпкер Анатолий Павленко.
Біздің жобамыз бойынша көлік жуатын әр бөлікке жылы еден төселеді. Соның арқасында көлік пен оның иесі тұрған жерге мұз қатып, суық тарпайды.
Мұнымен қатар, жуудың өзі бірнеше кезеңнен тұрады. Яғни, арнайы қосындымен жуу, суық сумен шаю, полимерлі балауыз жағу, минералданбаған суық сумен шаю.
«Даму» Қорының бағдарламалары туралы бұрыннан білетінбіз. Бірақ аса қажеттілік тумаған еді. «Даму» Қорының, Kassa Nova банкі мен кәсіпкерлік басқармасының мамандары секілді жобамыздың жүзеге асуына атсалысқан жандардың барлығына алғыс айтқымыз келеді», - дейді Анатолий Павленко.
«Бизнестің жол картасы 2020» Біріңғай бағдарламасына қалай қатысуға болатыны жайлы Астана қаласындағы КҚКО келіп білуге болады. Мекен жайымыз: Қажымұқан көшесі, 8А, 1-қабат.
Орталық кеңесшілері құжат толтыруға және жинауға көмек береді.