Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында жұмыртқаға арналған науашықтар өндіру бойынша Старт-ап жобасы табысты жұмыс істеуде

Жаңалықтар
07.06.2016

Жеке кәсіпкер Сүлейменов Асқарбек Қарағанды облысында жұмыртқаға арналған науашық жасайтын жалғыз өндіруші. Кәсіпкер былтырғы жылдың наурыз айында мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алу үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына қызметіне жүгінген. КҚКО консультанттары клиентке кеңес бере отырып, жобаны бизнес жоспарды дайындаудан бастап банкте мақұлдауға дейін барлық шаруаларды толығық сүйемелдеуге кіріскен. Өткен жылдың шілде айында «АзияКредитБанк» АҚ «Даму» Қорының кепілдігі берілген жағдайда жобаны қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдады.



2015 жылдың тамыз айында Сүлейменов Асқарбектің старт-ап жобасын «Даму» Қоры қарастырып, кәсіпкерге несие сомасының 85%-ы мөлшерінде кепілдік беруге шешім қабылдады. Осылайша ісін жаңадан бастаушы кәсіпкердің 20 млн тг жобасына «Даму» Қоры қолдау жасады. Сонымен қатар, аталған банк қарызы «Даму» Қорымен субсидияланады, яғни несиенің сыйақы мөлшерінің 14%-ның 10%-ын «Даму» Қоры төлейді.


Жоба «Даму-Аймақтар III» бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Несие қаражатына жұмыртқаға арналған науашық өндіретін құрал-жабдықтар сатып алынды және конвейерлік кептіргіштің құрылысы жүргізілді.


Ағымдағы жылдың басында өндіріс іске қосылды. Қазіргі уақытта өндіріс толық қуатта жұмыс істеуде және ауысым режимінде тәулік бойы жұмыс істеуде. Кәсіпорында 25 жұмыс орны ашылды, жұмыскерлердің негізгі бөлігі Заречное ауылының жергілікті тұрғындары.


Жұмыртқаға арналған науашық үстіңгі жағы кедірлі-бұдырлы бедермен жабдықталған тік бұрышты нысанда қағаз түрінде болады. Науашық өндіру желісі өнімді дайындауда негізгі материалдар қағаз массасын бірнеше рет пайдалануды көздейді, осылайша өндірістік процесті қалдықсыз жасайды.


Қаржылық қолдаудан басқа кәсіпкер «Даму» Қорының қаржылық емес қолдау құралдарын белсенді түрде пайдаланып, өзінің кәсіпкерлік біліктілігін арттыруда. Осы жылдың мамыр айында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Шағын және орта бизнес топ менеджментін оқыту» жобасы бойынша Назарбаев Университетінде оқудан өтті.


«Қарағанды облысындағы құс фабрикаларының жұмыртқаға арналған науашыққа деген сұранысын ескере отырып, осы бизнес түрімен айналысуға бел будым және аймақта аталған бизнес түрімен ешкім айналыспайды. «Даму» Қорының қолдауының арқасында менің старт-ап жобам табысты жүзеге асырылуда. Ендігі кезекте бизнесті ұлғайтуды және қағаз қалдықтарын қайта өңдеу бойынша тағы да бір өндірістік желіні қоюды жоспарлаудамын. Таяу арада «Даму» Қорының қолдауына қайта жүгінемін»,-деді ісін жаңадан бастаған кәсіпкер Сүлейменов Асқарбек.