Косметикалық пластиканы Семей қаласында жасауға да болады

Жаңалықтар
07.06.2016

Жуықта қалада алғашқы рет «Ер-Стом» емдеу мекемесінде косметикалық пластикалық ота жасалған болатын. Емделушіге блефропластика – көздің қабақ және көз қиығын өзгерту бойынша ота жасалды. Ендігі жерде семейлік аруларға кез келген уақытта жас көрінуге мүмкіндік бар. Көздің асты күлдіреп тұруы және жыл өте келе қабақтың салбырауы мәселесі туындаса елордаға бару міндет емес. Себебі Семейліктер үшін қалада керекті мамандар бар.


Алғашқыда стамотологиялық кабинет болып құрылған «Ер-Стом» клиникасы бүгінгі таңда 100 қызметкері бар көпсалалы емдеу мекемесі.


«10 жыл бұрын стоматология бөлмесін аштым,- дейді клиника директоры, жоғары санатты тіс дәрігері, медицина ғылымының кандидаты Ахметов Съезбек Рахышұлы. Бірте –бірте стоматологияда орын саны өсе бастады. Алға қойылған мақсаттар биік болатын, бірақ жүзеге асыруға қаражат қажет еді. Бұл ретте «Даму» Қорының көмегіне жүгінуге шештік. 2013 жыл болатын. Осы сәттен бастап барлық жаңа ойларымызды тек Қормен және тағы адал серіктесіміз «ВТБ» АҚ ЕҚ бірге жүзеге асыратын болдық. Осындай қолдаудың арқасында біз жеке ғимаратқа және түрлі қызмет көрестуге арналған заманауи жабдықтарға ие болдық»


Бүгінгі таңда «Ер-Стом» салалы клиникасы көптеген қызмет түрлерін ұсынуда. Оның ішінде: ересек және балалар үшін тіс емдеу, лор қызметі, 4D - УДЗ және көз дәрігері, пластикалық хирургия қызметтері бар. 13 емдеу орындықтарының ішінен балалардікі ерекше көзге түседі. Себебі олар күлкілі қаһармандар күйінде жасалған. Бұл балардың қорқу сезімдерінен арылу мақсатында жасалған.


Суқараңғы (катаракта) көз ауруын жоюға арналған Galaxy Series офтальмологиялық факоэмульсификациялық жүйе деп аталатын сирек кездесетін аппарат соңғы қаржыға алынған болатын. Осындай құралмен кәсіби жұмыс істеу үшін емхана басшылығы қызметкерді арнайы Үндістанға оқуға жіберді.


Бір айы бойы «Ер-Стом» клиникасының көз дәрігері нәтижелі, сенімді және ауыртпай суқараңғы ауруын жоюға болатын оқуды оқыды. Жіңішке зонд арқылы көзден шығарылатын аппарат ультрадыбыс көмегімен іске жарамай қалған көз бұршағын эмульсияға айналдырады, оның орнына интраокулярлық линза орналастырылады. Сондықтан бұндай ота тігістерді салуды талап етпейді, ал пациент отадан кейін тамаша көру қабілетіне ие бола алады.


«Сонымен қатар, осындай қызмет түрін мемлекеттік квоталар бойынша тегін ұсына аламыз,- дейді Съезбек Рахышұлы. Бұл ғана емес, қаладағы үш ауруханалар үшін мемлекеттік сатып алулар бойынша да тегін қызмет көрсетеміз және де барлық шаруалардызаманауи құралдар арқылы орындаймыз»

Болашақта клиниканың жанында стационар ашу мақсаты бар. Қатарлас тұрған бос ғимарат осы ойды жүзеге асыруға өте лайықты. Сондықтан Съезбек Рахышұы «ВТБ» АҚ ЕҚ несие алу өтініш білдіріп те қойды. Біз тек алға қойылған барлық арман-тілектердің орындалуына ақ жол тілейміз!