Әлемдік тәжірибесі бар сарапшы Қызылордалық кәсіпкерге бизнесін дамытуға көмектесті

Жаңалықтар
06.06.2016

Қызылордалық жеке кәсіпкер Айдос Сайлығараевтың кондитерлік өнімдер шығаратын кәсіпорны әлемдік деңгейдегі тәжірибелі Германиялық сарапшының көмегімен 21 күн бойы өнім түрлерін көбейтуге және сапасын жақсартуға жұмыс жасады.


Жеке кәсіпкер Айдос Сайлығараев бірнеше жылдан бері «Браунис» тауар белгісімен кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады. «Браунис» кондитерлік цехынан шығатын тәтті өнім түрлерінің көп, әрі алуан түрлілігіне қарамастан жеке кәсіпкер кәсіпорынның өндіріс технологиясын жақсарту мақсатында «Прэко Қызылорда» Консалтингтік компаниясы мен «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшілерінің көмегімен Германиядан SES–сарапшы шақыртты.


Әлемдік деңгейдегі тәжірибелі сарапшы Вильгельм Ренн кондитерлік және нан өнімдерін шығару кәсібінде 50 жылдық тәжірибесі бар маман. Атап өтсек, ол әлемнің 20 еліндегі 53 SES–жобасын жүзеге асырған. Өзінің миссиясы аясында неміс бизнес-кеңесшісі кәсіпкер Айдос Сайлығараевқа кәсіпорындағы менеджмент және бизнес-үдерістерді ұйымдастыру кезіндегі әлсіз тұстарды анықтауға көмектесті. Кондитерлік дүкендер желісін құрған кәсіпкер ретінде Вильгельм Ренн компанияны басқару, жаңа тұжырымдамалар енгізу мен кешендік стратегия бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған. Жеке кәсіпкер Айдос Сайлығараевтың сөзінше SES-эксперт кондитерлік және нан өнімдерінің 40-тан аса жаңа түрлерінің рецептімен бөлісуі арқасында кәсіпорынның шығаратын өнімдер түрі едәуір көбейген.


- Мен шетелдік сарапшының көмегін бірнеше жыл қатарынан пайдаланып келемін. Қазіргі нарық жағдайында бизнес-кеңесшілердің көмегінсіз бизнесті дамыту аса қиын мәселе. Бұл қолдау тамақ өндірісі бағытында үздіктер қатарынан көріну үшін алдыңғы еуропалық сапаны енгізуде нақты мүмкіндік болып отыр. Тәжірибелі SES- сарапшыны ыңғайлы бағаға шақыртуға мүмкіндік берген «Прэко Қызылорда» компаниясы мен «Даму» Қорына алғыс білдіремін,-дейді Айдос Сайлығараев.


Германияның аға (SES) сарапшылар қызметі – бұл түрлі салалардағы, атап айтқанда персоналды басқару (HR), қызмет көрсету мен тауар өндірісі, маркетинг, қаржы мен бизнес-жоспарлау және басқа да бағыттар бойынша 10 000 аса мамандардың басын құрайтын ірі ұйым. SES-сарапшылар көп жылдық тәжірибесі бар мамандар, көбінің жеке бизнестері бар, сондай-ақ кейбірі жұмыстан кеткенімен өзінің білімі, тәжірибесімен дамушы кәсіпкерлермен бөлісуді мақсат еткендер. SES-сарапшыны шақыртуға өтінім беру үшін «Прэко Қызылорда» Консалтингтік компаниясына немесе «Даму» Қорына жүгінуге болады. Тапсырыс беруші тарапынан қонақтың жатар орны мен тамағын және тәулігіне 5 еуро көлеміндегі төлемді ұйымдастыру қажет.