menu
Жабу

Астанада «Даму» Қорының бағдарламасы бойынша әйелдер киімінің өндірістік цехы ашылды

Жаңалықтар
03.05.2016

Астанада жас кәсіпкер Ләйла Шиденова әйелдер киімін тігетін цех ашты.


Колледжді бітіргеннен кейін, Ләйла әр түрлі ателье тігінші болып жұмыс істеген. Үйде өз студиясын ашу туралы ой сол кезде келген екен. Алайда үйде отырып тігетін киімдеріне деген сұраныс өте көп болғандықтан, әуестікпен басталған істі киім тігетін өндіріс ретінде жолға қойғысы келді. Достарынан «Даму» Қорының бағдарламалары жайлы естіген соң шебер қыз кеңес алуға келді.


Сөйтіп банктен несие алу жөнінде шешім қабылдаған. Нәтижесінде «Астана-ZhasStarT» бағдарламасына қатысып, Ляйля «Даму» Қорының кепілдігімен 7% төмен мөлшерлеме бойынша несие алды. Қаражатқа кәсіпкер қажет тігін құрал-жабдықтар сатып алды.


Жас тігінші қазірдің өзінде әйелдерге арналған, көпшілік сұранысына ие киімдер шығаруды бастады. Сонымен қатар, өз дизайнын таныстыру үшін жеке көрсетілім залын құру жұмыстары да жүріп жатыр.


Болашақта Ляйля өз брендін қалытастыруды жоспарлап отыр.


«Астана-ZhasStarT» бағдарламасы төмен пайыздық мөлшерлеме және жас кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайымен назарымды аударды»,-дейді Ләйла.


«Астана-ZhasStarT» бағдарламасына қатысу жөнінде сұрақтар болса Астана қаласындағы КҚКО келіп мәлімет алуға боалды. Орталық кеңесшілері құжат толтырып, жинауға көмек береді. Мекен жайы: Қажымұқан көшесі 8а.