menu
Жабу

Жамбыл облысының кәсіпорындары «Даму» Қорының қолдауымен өндірістерін жылдан-жылға кеңейтуде

Жаңалықтар
17.05.2016

Жаңа бизнесті бастау да, жұмысы жүріп тұрған өндірісті кеңейту де оңай жұмыс емес. Алайда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының» шағын және орта кәсіпкерлікке көрсететін қолдауының арқасында ондаған және жүздеген кәсіпкерлер жаңа бизнес ашып, қазірдің өзінде жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер өндірісін кеңейтуге мүмкіндік алды.


Осы көмектің шеңберінде қолдау алған аймақтық кәсіпкерлердің бірі Талғат Тұрсынмұратов.

«Нұр Тұрсын» мекемесі он алты жыл бойы құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қатар, ғимараттарды қайта құру және жөндеу, пластик есік-терезе өндірісімен айналысып келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын, компания қатты пенополиуретаннан жасалған жылу ұстағыш өнімдер шығарумен айналыса бастады. Бұл оңтүстік аймақ үшін құбырларға жылу ұстаудың айтарлықтай жаңа әдісі. Жылу ұстағыштың осы түрін бұрындары көрші облыстардағы бірнеше компаниялар ғана ұсына алатын. Өндіс жұмыстары басталғанан кейін бір жыл өте «Нұр Тұрсын» ЖШС жылу желілерін қайта-құруға арналған құбырлармен қамтамасыз етуге қосалқы мердігер ретінде жұмысын бастады.


Алайда, Талғат Тұрсынмұратовтың айтуынша, облыста бүгінгі күні жылу сақтаудың бұл түрі әлі көпшілікке белгілі емес, сондықтан өндіріс өзінің толық қуатына шыққан жоқ. Дегенмен, «Нұр Тұрсын» мекемесінің директоры уақытты босқа өткізбей өндіріске қажетті кеңсе ғимаратының құрылысына кірісіп кетті. Онда асхана, жұмысшылардың демалыс орны және зертхана орналасады. Дәл осы мақсаттарға «Даму» Қорының қолдауымен қырық миллион теңге көлемінде несие алынған болатын.

Бүгінгі күні ғимараттың төменгі қабатының қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Жақын уақытта ғимарат толық қолданысқа беріледі. Талғат Тұрсынмұратовтың айтуынша, бұл ғимарат жұмысшылардың ыңғайы үшін соғылды. Онда жұмысшылар жұмыс арасындағы үзіліс кезінде демалып, ас іше алады. Мекеме басшысы бұл ойын «Даму» қорының қолдауының арқасында жүзеге асыра алды.