Алан Цой басқаратын «AEGIS» ЖК мақсаты - Ресейдің «OLD BOY» франшизасы бойынша «Барбершоп» сән салонын ашу болатын.
Бұл ойын жүзеге асыру үшін Алан «Bank RBK АҚ арқылы 711 000 теңге қаржыны «Жібек Жолы» бағдарламасы аясында ала-алды. Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге арналған «Даму» Қорының кепілдемесін де жартылай пайдалануға мүмкіндік туды. Несиені инвестиция, айналымдағы қаражатты толықтыру мақсатына жұмсады.
Сұлулық салоны көрсететін қызметтер:
Шаш қию ( ерлер үшін);
Маникюр мен педикюр (ерлер үшін ғана);
Ұстарамен сақал қыру;
Шаш пен сақал күтіміне арналған кәсіби жабдықтар сату.;
Тату жасау.
Бұл сұлулық салонының артықшылығы неде, аз шығынмен үлкен іске қалай тәуекел етуге болады деген сұраққа Алан ықыластана жауап береді.
- Менің салонымның артықшылығы деп қатаң іріктеуден өткен кәсіби мамандарды, жоғары сапалы қызмет, шаш қию құнына кіретін тегін сусындар, кезек күткендерге арналған ойын қондырғыларын айтар едім. Жалпы алғанда бұл жерде ерлерге ұнайтын жағдайдың барлығы жасалған,- дейді кәсіпкер. Ал аз шығынмен кәсіп бастауға келер болсам, «БЖК 2020» Біріңғай бағдарламасы бар. Сол бағдарлама аясында кепілдіндіру қызметі көрсетіледі. Яғни жас кәсіпкерлерге «Даму» Қорының несиеге 85 пайызға дейін кепілдік береді. Сондай-ақ 7 пайыздан аспайтын жеңілдікті несие беретін «Жібек-Жолы» бағдарламасы бар. Міне менің жобам осындай мемлекеттік қолдаулардың арқасында дүниеге келді,- деп ағынан жарылды Алан Цой.