«Maктамак» маркалы сүт өңдеу және чечил ірімшігі мен сары май өңдіру цехы 2014 жылы қараша айында ашылды.
Чечил ірімшігінің дайындалу технологиясы әу баста Адыгей республикасында дүниеге келген. Бұл өлке чечилдің отаны іспеттес. 2014 жылы Сергей Каверин Адыгейге арнайы барып, осы технологияны үйреніп қайтқан. Сөйтіп, ол жақтағы тәжірибесінің арқасында табиғи сары май мен қақталған чечил ірімшігін өңдіретін кәсіпорынның іргесін қалады.
Сергей Каверин «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының қолдауымен 12 млн теңгеге ғимарат, 4 млн теңгеге қосымша жабдықтар сатып ала алды.
Қазіргі уақытта шағындау, бірақ техникалық жағынан жақсы жабдықталған цехта 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Сергей Кавериннің айтуынша бүгінгі таңда әлі бірде-бір кәсіпорын өңдірісті толық механикаландыруға көшкен жоқ. Чечил ірімшігінің бауы тек қолмен тоқылады. Сары май сияқты ірімшік тек табиғи сүттен ешқандай қоспаларсыз өндіріледі. Сүт Зеленов ауданынан жеткізіледі. Бүгінгі таңда бір күнде 200-300 кг ірімшік, 300 кг сары май өндіріледі. Жазғы кезде бұл көрсеткіш екі есе артады.
«Каверин С.В.» ЖК тұрғындардан сүт сатып алуға мемлекеттен субсидия алып отырған облыстағы екі кәсіпорынның бірі екенін атап өту қажет. Бөлінген субсидияның мөлшері 1 литр сүтке 21 тенгені құрайды.
Қазіргі кезде халық табиғи майдың дәмін ұмытқан. Біздің сары май тек қана табиғи сүт майының қолданылуымен МЕМСТ талаптарына қатаң сәйкес дайындалады. Сүттен қаймақ тартылып ол қатырылып, мұздатылып содан соң майға айналдырылады. Өндіру процесі өте күрделі және еңбекті талап ететін жұмыс. Ішкі нарықта Ресей өнімі - арзан спред (майлы өнім) санының ұлғаюына байланысты, табиғи сары май өңдіретін жергілікті кәсіпорындарда өнім өткізуде үлкен қиындықтар туылып отыр. Бірақ бәсекелестік пен экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, мемлекеттік қолдаудың арқасында біз қажетті қосымша жабдықтар мен техниканы сатып алып, осы кезеңнен өтіп, алға төтеп бере алдық,-дейді компанияның негізін қалаушы Сергей Каверин.
Бүгінгі таңда «Каверин С.В» ЖК өнімі Орал, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, сондай-ақ Ресейдегі Қазан мен Самара қалаларында өз тұтынушыларын тапты. Кәсіпкердің жоспарында 2016 жылдың күзіне дейін өнім өңдіру қарқынын күніне 1,5 тоннаға дейін арттыру бар.
Сергей Каверин кәсіпорын алдағы уақытта да тек табиғи өнім өндіріп, жоғары сапалы тауар шығаруға ұмтылатынын айтады.