2012 жылы құрылған «ST BEST» ЖШС кәсіпорыны минералды оқшалау материалдары өндірісімен айналысады. Компанияның қызметі экономиканың басымдық берілген саласындағы өңдеуші өнеркәсіп болып табылады. Бизнес Талдықорған қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан. Аумағы қоршалған, аббаттандырылған, ішінде барлық қажетті коммуникациялар бар.
«Компания негізінен тас мақта, жылу және дауысоқшалау минералды жылытқышы, тау жыныстарынан балқып атқылаған кеннен жасалған бальзат тобын шығарады. Бұл мақта - 1000 градусқа дейін шыдамды жанбайтын материал. Оны қабырға, қалқа, еден, шатыр асты, жабдықтар мен құбыржолдарды оқшаулау кезінде кеңінен пайдаланылады. «Даму» Қорының арқасында біз «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржы алдық»,- дейді ЖШС директоры Татьяна Ивановна Зиновьева.
Алға қойған мақсаттарын іске асыру үшін компания мемлекеттік қолдау құралдары – кепілдендіру және субсидиялауды пайдаланды. Қаражатқа жаңа жабдықтар алып, айналымдағы қаржыны толықтырды. Соның арқасында өндірістің жаңа қуаты сәтті іске қосылды.
Компания П-35, П-50, П-75, ПЖ-100 маркалы түрлі тығыздықтағы 4 түрлі минералды плиталар шығарады. Негізгі өндірістік шикізат базальт және металлургиялық шлак болып табылады. Желімдеу үшін фенол - формальдегидті шайыр пайдаланылады. Еру шикізаты кокс және көмір көмегімен жүзеге асырылады. Жабдықтардың өндірістік қуаты аптасына 855,8 текше.м. (1 өндірістік цикл) және айына 3 423,2 текше.м.